Новости

Басқарма қызметкерлері Бағдат Мұқышевке жаңа жылдық тосын сый жасады

Үйіне келген Аяз ата мен Ақшақарды көрген бүлдіршіннің қуанышында шек болмады

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері жаңа жылдық кештен бас тартып, оның орнына 9 жасар Бағдат Мұқышевке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдатты әжесі Ләззат тәрбиелеп отыр. Басқарма ұжымы жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына биыл да қатысып, оқуға қажетті костюм және керекті кеңселік заттар сатып алып берді.

Бағдат өте мейірімді, мінезі жұмсақ бала. Аяз Ата мен Ақшақарды көріп, күлімсіреп, жылы қарсы алды. Бағдат келген қонақтарға жаңа жылдық тақпағын айтып берді. Аяз ата мен Ақшақар оған басқарма ұжымы жасаған жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті. Басқарма басшысы Гүлжан Меңдекинова келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Бағдаттың мектепте жақсы оқушы болуын, әжесіне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

– Бұл өмірде баланың шат күлкісіне не жетсін. Бағдаттың көзіндегі қуанышын көріп бізде қуанып қалдық және осы тәжірибені жалғастыруды қажет деп шештік,-дейді осы іс-шараға қатысқан бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Шынында да баланың күлімдеген жүзін көргеннен асқан бақыт барма. Сондықтан әрдайым көмекке зәру бүлдішіндерді қуантып, сауапты іс жасауға асығайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77