Новости

 «Қала тарихының белгісіз беттері» атты көрме ашылды

Онда сүйікті де әсем шаһарымыздың тарихымен терең танысуға болады

Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы КММ Өлкетану әдебиеттері бөлімінде Қостанай қаласының құрылғанына 140 жыл толуына арналған «Қала тарихының белгісіз беттері» атты кітап-құжаттық экспозициясы жұмыс істей бастады.

Көрмеде қаланың аз таныс тарихи фактілерін ашатын бірегей материалдар ұсынылған. Бұл екі томдық «Костанайская область: прошлое и настоящее» атты кітаптар, оларды құрастыруға көрнекті тарихшылар, өлкетанушылар Е. А. Әбіл, Я. К. Духин, М. М. Қозыбаев, А. Е. Тихановский, С. В. Самаркин қатысты. Екі кітаптағы И. К. Терновойдың редакциясымен шыққан «Кустанай-Костанай: очерки истории. С древнейших времен  до  2013 года», И. К. Терновой Ю. С. Литвиненкомен бірге жазған «Кустанайское купечество в конце XIX – начало XX» басылымдары және басқа да құнды дүниелер бар.

«Сталинский путь» газетінің 1956 жылғы «Город – наш, и украшать его – нам!» мақаласы және «Ленинский путь» газетінің 1963 жылғы «Любить свой город – заботиться о нем» мақаласы оқырмандардың қызығушылығын тудырады.

Экспозиция XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы көне ғимараттары, көшелері  және оқу орындары бейнеленген фотоқұжаттарға бай.

Қала тұрғындарының назарына ұсынылған танымдық жағы мол көремеге келемдеушілерге есік ашық. Кітапхана келіп сүйікті де әсем қаламыздың тарихына терең бойлап, таным көкжиектеріңізді кеңейтуге кеңес береміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77