Новости

Қаңғыбас иттерді аулау айлығы ақпан айының аяғына дейін жалғасады

Соңғы кездері қаламыздың көшелерінде топ болып жүретін қаңғыбас иттер көбейіп кеткен

Осындай иттердің кейбіреуі қабаған келеді. Тіпті адамға тап беруі де мүмкін. Осы сынды келеңсіз жайлардың алдын алу үшін қала тұрғындары тиісті мекемелерге қоңырау шалып, қаңғыбас иттерден шаһарымыздың көшелерін тазарту керектігі жайында өздерінің өтініштерін білдірген. Қазір тұрғындардан түскен өтініш бойынша арнайы жұмыстар жасалып жатыр.

– Бізде тұрғындардың өтініші бойынша қаңғыбас иттерді аулау айлығы басталды. Бұл айлық ақпан айының соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда иттерді аулаумен 3 бригада жұмыс жасап жатыр. Сондықтан қала тұрғындарының назарына өздеріңіздің иттеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар дегім келеді. Сондай-ақ қабаған ит міндетті түрде байлаулы болуы керек. Итті далаға шығарғанда қасында иесі болуы қажет. Әйтпесе, оны бригада жұмыскерлері алып кетуі мүмкін,-дейді Қостанай қалалық ветеринарлық станциясы МКК директоры Айдар Бейсенов.

Міне, осылай шаһарымызда қаңғыбас иттерді аулау науқаны қарқынды жүріп жатыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77