Новости

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» АҚ облыстық филиалында салымшылар саны 65 мыңға жуықтаған, ал 16 мың депозит осы жылы ашылған

Ашылған 65 мыңға жуық депозит салымшылары осы жылы мемлекеттен сыйақы ала алады

Ағымдағы жылы аймақтың 16 300 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шартқа қолқойған, сонымен қатар 65 000-нан астам облыс тұрғындары 31,5 млрд-тан астам теңге жинады. Бұл туралы бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қостанай облыстық филиалы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз таңғы асында филиал директоры Дәурен Саудабаев мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда біздің банк жүзеге асырып жатқан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ең тиімді және сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша банк нарықтың 75% үлесімен Қостанай облысында берілген ипотекалық қарыздар бойынша көшбасшы болды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы салымдар бойынша тиімді мөлшерлеме – ең жоғары және 13,0% – ға жетеді. Мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйақысының арқасында 2% базалық мөлшерлеме бойынша депозиттер бойынша осындай жоғары табыс қамтамасыз етілген. Сыйақы 200 АЕК немесе 505 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Яғни, егер салымшы бір жыл ішінде осындай соманы жинаса немесе оны бір мезгілде енгізсе, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйақы – 101000 теңге алады.
Қазақстанның әрбір азаматының мемлекет сыйлығын алуға мүмкіндігі бар, ол үшін банк кеңесшілеріне хабарласу керек, олардың байланыстарын сайтта табуға болады hcsbk.kz немесе банк бөлімшесіне келу керек, – деп түсіндірді Дәурен Саудабаев.

Егер ҚТҚЖБ депозитінде бір жыл ішінде жинақталған сома 200 АЕК-тен жоғары болса, онда көтермеленбеген қаражаттың қалдығы келесі жылы мемлекет сыйлықақысын есептеу кезінде ескерілетін болады. ҚТҚЖБ-да шот бола тұра, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға болады.

Екі адамнан тұратын жас отбасы үшін 1 бөлмелі пәтерді сатып алуға қарыз алу үшін жалпы жиынтық табыс 87 500 теңгені құрауы тиіс. Төрт адамнан тұратын отбасы үшін табыс 138 693 теңгені құрауы тиіс.

– Қостанай облысында тұрғын үйді жалға алу бағасын салыстыру үшін алайық, Статистика комитетінің мәліметтері бойынша , тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құны 1347 теңгені құрайды, бұл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алынған жеке тұрғын үй үшін ай сайынғы төлемнен қымбатқа түседі, деп толықтырды филиал директоры.

Ағымдағы жылы банк 15 млрд теңгеден астам сомаға 2427 несие берген. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы мемлекеттік бағдарламалар іске асырыла бастағаннан бері облыстың 3018 тұрғыны жалпы ауданы 136 155 шаршы метр тұрғын үй алды, 52 үйдің құрылысы мен іске асырылуына келісім-шарт жасалды.

Айта кету керек, банк қарыз беру арқылы жер телімдерін алу үшін, үй салуға, жөндеу жұмысына және екінші деңгейлі банктерде ипотеканы өтеу үшін мүмкіндік беріп отыр.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77