«Ақ жол» партиясы Ауыл шаруашылығы министрлігін ауылда кәсіп қылғандарға субсидия төлемегені үшін сотқа бермек болған
Партия төрағасы Азат Перуашев аталмыш мәселені дер уақытында көтерілуіне байланысты мәселе оң шешімін тауып отыр.
Оны растайтын Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы жауап хат келді. Осынау жауапта былай делінген.
«Берілген өтінімдерге сәйкес өңірлер бөлінісінде инвестициялық субсидиямен қамтамасыз етілуіне қатысты 2019 жылға республикалық бюджеттен инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыруға 66,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда, ол қаражат 100%-ке игеріліп қойған.
Сонымен қатар, инвестициялық субсидиялау бағдарламасының іске асырылуын талдау барысында Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа республиканың барлық өңірлері бойынша шамамен 20 млрд теңге сомаға инвестициялық субсидияларға қосымша қажеттіліктің бар екені анықталды. Қосымша қаражат өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту саласындағы 1130 шаруашылыққа субсидия беру үшін қажет.
Осыған байланысты, республикалық бюджеттен 2019 жылға қарастырылған субсидиялау бағдарламаларына бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мақсатында және облыс әкімдері орынбасарларының келіп түскен хаттарына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігіне басқа субсидиялау бағдарламаларынан босатылатын жалпы сомасы 19,1 млрд. теңге көлеміндегі қаражатты инвестициялық субсидиялауға қайта бөлу туралы өтінім жолдады. Бүгінгі күні, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған өтінімі Қаржы министрлігінде қарастырылуда. Кредит беру түрінде мемлекеттік қолдау алу кезінде бір терезе қағидатын пайдалануға қатысты АӨК субъектілеріне кредит беру «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылады», – делінген ресми жауапта.
Осылайша терден несібесін терген диқандар қауымы үшін жағымды жаңалық болып отыр. Аталмыш министрлік осы субсидиялардың қалай рәсімделетінін еске салады.
«ҚазАгро мәліметі бойынша, бүгінгі күні ҚазАгро «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Кәсіпкердің бірыңғай терезесі» платформасында АӨК субъектілерін қаржылық қолдаудың мынадай шараларын ұсынады: 1. Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге кредит беру; 2. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау; 3. АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау («Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттерге кепілдік беру); 4. «Агроэкспорт» бағдарламасы; 4 5. «Агробизнес» кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы кредит беру; 6. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кредит беру және шағын кредит беру («Кәсіпкер» бағдарламасы); 7. ҚР Ұлттық Қорының қаражаты есебінен қаржыландыру бағдарламасы; 8. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру. «Кең Дала» кредит беру бағдарламасы. Бұдан басқа, ҚазАгро «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен (бұдан әрі – ҰАТ) бірлесіп, ҚазАгро-ның еншілес ұйымдары іске асыратын қарыздарды кредиттеу және кепілдендіру бағдарламалары бойынша 9 көрсетілетін қызмет үшін ҚазАгроның Кредиттік өтінімдерді жинау және өңдеу жүйесін (бұдан әрі – КӨЖӨЖ) «Электрондық үкімет» порталымен (бұдан әрі – ЭҮП) бірыңғай кіру нүктесінің (Single sing on) функционалын іске асыру бөлігінде интеграциялау үшін Техникалық талаптар ерекшелігінің (бұдан әрі – ТТЕ) жобасын әзірледі. Ағымдағы жылғы 29 мамырда КӨЖӨЖ-нің ҚазАгро-ның еншілес компанияларының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тетіктерін тестілеу жүргізілді, тестілеу нәтижелері бойынша ТТЕ-де өтінім берілген 9 қызметтің 7- еуі ЭҮП-мен, интеграциялау үшін расталды», – делінген ресми хатта.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77