Новости

«Аламан бәйге» көпшіліктің қызығушылығын тудырды

Онда бас жүлдеге жаңа автокөлік тігілді

Демалыс күні Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында ат жарысы болып өтті.

Қазақ халқы қашан да жесе тамақ, мінсе көлік болатын жылқы малын өзінің  қанаты деп қастерлеген. Жылқыны қасиетті санаған. Оны  баптаудың түр-түрін ойлап тауып, биік те шыдамдысын  тұлпарға айналдырып отырған. Ат жарыс десе делебесі қозатын ат бегілердің тұлпарларын жоғары деңгейде баптай алуының да астында үлкен мән жатса керек.

Міне, осындай жандардың ерекше қызығушылығын тудырған ат жарысқа 30 аса ат бегі қатысты. Олар еліміздің әр аймағыннан және көршілес жатқан Ресейден келді.

Жарыс 4 қашықтық бойынша өтті. «Тай жарыс»- 4000, «Құнан бәйге» -6000, «Топ бәйге» -12000, «Аламан бәйге» – 6000 метрден болды. Осы төрт қашықтықта сүрінбеген тұлпарларға ғана жүлде тисілі болды.

Ат жарыс барысында әртүрлі жағдайлар орын алып жатады. Осы ретте ат аламан бәйгені тамашалауға арнайы келген Аян Ернешбаевты сөзге тартқанымызда, ол:

– Өзім ауылда тұрғанда жылқы ұстап, бірнеше рет тұлпарымды бәйгеге қосқан едім. Қазір қалаға көшіп келіп, жылқыдан қол үзіп қалдым. Сонда да жылқы малына деген қызығушылығым сол қалпында қалды. Бүгін осында ат жарыс болады дегенді естіп, әдейі тамашалауға келіп тұрмын. Тұлпарды жарыс басында шаршатып алмау керек. Жарыстың аяғына қарай басын жіберсең ол шаршамай бар күшін салып, еркіндікті сезініп, көсіле шабатын болады. Бүгінгі ат жарыста 5 тұлпар ерекше көзіме түсті. Енді осылардың қайсысы бірінші келеді екен деп ойлап тұрмын,-деді.

Кіл тұлпарлар жиналған ат жарыс өте тартымды да қызықты өтті. Мұнда  әдеттегідей бас жүлдеге жаңа авто көлік тігілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет ғаламтордан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77