Новости

Ардагерлер аллеясы пайда болды

Онда қариялар жиі басқосатын болады

Қостанай қаласының Қайырбеков көшесінде ардагерлер аллеясы пайда болды. Бұл аллея «Қазтелерадио» қызметкерлерінің бастамасымен қолға алынды. Мұнда соғыс және тыл ардагерлері де жиналды. Олар барлығы бірлесіп, аллеяның жасыл желекке айналдыру мақсатында 22 терек ағашының жас көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар мұнда ардагерлер «Ардагерлер аллеясы» деген жазуы бар гранит тақтасын орнатты.

Алдағы уақытта мұнда Қайырбеков көшесінің маңынан өтіп бара жатқан қала тұрғындары бір уақыт отырып дем алатын орындықтар орнатылатын болады. Сондай-ақ аллеяға отырғызылған теректер жайқалып өсіп, қарияларға сая болары анық.

Болашақта бұл аллея ардегерлердің бас қосып, қанды көйлек достарын еске алып, әңгіме-дүкен құратын орнына айналмақ.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Фото Alau.kz сайтынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77