Новости

Қасиетті Рамазан айындағы игі істер

Қарабалық ауданында кәсіпкер азамат 10 отбасына қайырымдылық жасады 

Рамазан айы –  төрткүл дүниенің барша мұсылмандары асыға күтетін ай. Алланың қалауымен қасиетті бұл айда игі істерге асыққан жандар көпке үлгі көрсетуде.

 

Мәселен, зәулім «Ғашура Ана» мешіті бұл айда келген жамағатты рухани жағынан қолдаса, ел қамын ойлаған азаматтар мұқтаждарға материалдық және қаржылай көмегін көрсетуде. Жаны жайсаң жомарт кісілер өздерінің қамқорлықтары арқылы Ораза кезінде халықтың батасын алып жатқаны бәрімізді де қуантады.

Осы арада сөзіміз жалаң болмас үшін нақты мысалдар келтіре кетелік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жақында жұма күні Қарабалық ауданының тумасы, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны – Бахытжан Ертаев мешіт ұжымына аула жұмыстарына аса қажетті шөп шабу құралын тапсырды.

 

Аталған азаматтың мешіт жанашары екенін, қолынан келер көмегін үнемі жасап отыратынын айтып өткеніміз жөн.

Сондай-ақ, Қарабалық кентінің тағы бір тұрғыны, кәсіпкер азамат (атын атамауын өтінді) 10 отбасыға азық-түлік алып беріп, олардың алғысына бөленді.

Бұл азаматтың сыйлығын Серік қажы Темірбекұлы ауданның ауыл-аймақтары мен Қарабалық кентінде тұратын көмекке мұқтаж жандарға жұма намазынан соң табыс етті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77