«Қостанай-Су» МКК басшысы алты айлық жұмысына есеп берді
Қалалық «Қостанай-Су» МКК 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сумен жабдықтау және су бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде жиын өткізді. Сондай-ақ, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру қарқыны, көрсетілетін қызметтер сапасының сақталу барысы талқыланды.
Мекеме табиғи монополиялар саласында, магистральдық құбырлар мен таратушы желілер арқылы ауыз су, магистральдық құбырлар мен тарату желілері арқылы техникалық су беру қызметтерді ұсынады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қостанай-Су» МКК халыққа бекітілген тариф көлемі 93,33 теңге текше метр, 76,47 теңге текше метрге дейін төмендетілді. 2018 жылғы тарифпен салыстырғанда, төмендеу көрсеткіші 10%-ті құрайды.
Сумен жабдықтауда тұрғындар мен оларға теңестірілген топтардың үлесі 78%, су бұру бойынша – 68,4%. Халық үшін тариф шығыннан әлдеқайда төмен.
Бекітілген су тарифі 124,61 теңге текше метр болғанда, халықтың тарифі 76,47 теңге текше метрді құрайды, яғни 48 теңгеге немесе 39% төмен. Суды төгу үшін шығарудың орташа мөлшері – 120,67 теңге текше метр, тұрғындар үшін тариф 64,31, 56 теңгеге немесе 47%-ке төмен.
Осылайша, халыққа тарифтердің төмендеуіне байланысты, бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша сатудың орташа алынған нақты тарифтері – магистральдық құбырлар мен тарату желілері ауыз су арқылы сумен жабдықтау қызметі үшін 117,8 теңге текше метр, бұл бекітілген 124,61 теңге текше метрден 6,8 теңге текше метр немесе 6% төмен.
Ағынды суларды шығару және тазарту қызметі үшін 113,55 теңге текше метр, бұл бекітілген 120,67 теңге текше метрден 7,2 теңгеге немесе 6% төмен.
Сумен жабдықтау ауыз су үшін бекітілген көлем – 7067,9 мың текше метр. Нақты көлемі 6972,2 мың текше метрді құрады, бұл 96 мың текше метрге төмен, немесе 1,4%.
Бекітілген көлемі 5916,8 мың текше метр суды бұру үшін, пайдалану 100%-тік көрсеткіште. Сонымен бірге, тұтыну топтары бойынша бюджеттік ұйымдармен сату көлемінің кемінде 2%-ға, ал басқа (заңды тұлғалардың) 1%-дан астамы төмендегені байқалады.
Сумен жабдықтауда тұрғындар мен оларға теңестірілген топтардың үлесі 78%, су бұру бойынша – 68,4%. Халық үшін тариф шығыннан әлдеқайда төмен.
Бекітілген су тарифі текше метрі 124,61 теңге болғанда, халықтың тарифі 76,47 теңге текше метрді құрайды, яғни 48 теңгеге немесе 39% төмен. Суды төгу үшін шығарудың орташа мөлшері – 120,67 теңге текше метр, тұрғындар үшін тариф 64,31, 56 теңгеге немесе 47% төмен.
– 2017-2021 жылдарға бекітілген жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап-айтатын болсақ, шаһарымыздың Карбышев, Гаврдейский көшелерінде ұзындығы 1,2 шақырмды құрайтын су құбырын күрделі жөндеуден өткіздік. Жөндеу жұмыстарына 79 млн теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ, 140 текше метрді құрайтын 3 құбыр жөндеуден өтті. Маяковский көшесіндегі жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын су құбырының 0,9 шақырымы жөндеуден өтті. Жоба құны 229 млн теңгенң құрады, әзірге оның 102 млн теңгесі игерілді, деді «Қостанай-су» МКК директоры Еркебұлан Файзулаев.
Атқарылатын қызметтер бойынша сумен жабдықтау нысандарына меншікті қаражат есебінен 45 млн теңге, су бұру құрылыстары үшін 55 млн теңге, барлығы 100,4 млн теңге қаражат қарастырған.
Тозған құбырларды жаңарту үшін және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін компанияның өз қаражаты есебінен 2019 жылы сумен жабдықтау желілері, кәріздер мен жабдықтарға ағымдағы қызмет көрсету 100 млн теңгеге жоспарланған болатын, осы жылдың 6 айындағы игеру көлемі 46,6 млн теңге болып отыр.
Ағымдағы жылдың тамыз айына сумен жабдықтау желілерін жөндеу, жалпы ұзындығы – 4,3 шақырым немесе 6,5 шақырым 66% жасау жоспарланған. Өрт гидранттарын жөндеу және ауыстыру, 139 дана мөлшерінде су таратқыштарды жөндеу және ауыстыру, арматураны жөндеу және ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Желілердегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс алаңы 1824 м2 асфальтбетон мен төселген жолды қалпына келтірді, 332 су және кәріз құдықтары жөнделді. «Қостанай – Су» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны 2019 жылдың 10 шілдесіндегі ұзындығы 197,0 м ішкі кәріз желілерін жөндеп, 14,2 шақырым желілерді тазартып тастады.
Еске сала кетейік 2019 жылы жалпы құны 658 млн теңгеге жұмыс жүргізу жоспарланған. Оған ұзындығы 3,6 шақырым 316,04 млн теңгеге сумен жабдықтау желілерін қайта құру және 341,9 млн теңгеге ұзындығы 1,7 шақырым құрайтын су бұру желілері кіреді.
Оның ішінде Волынов көшесімен Абай даңғылы – Гашек көшесінің бойымен, ұзындығы 0,9 шақырым, жалпы сомасы 50,7 млн теңге болатын D-300 мм су құбырын қайта құру жұмысы. Қобыланды батыр даңғылы мен Қайырбеков көшесінде Д-300 мм су құбырын қайта құру, ұзындығы 0,5 шақырым құны 44,3 млн теңге болатын жұмыстар атқаруылуда.
Бүгінгі таңда Карбышев көшесімен Чернышевский-Гвардейская көшелерінің шекарасындағы D-300 мм су құбырын қайта құру, ұзындығы 1,2 шақырым құны 79,7 млн теңге, ұзындығы 140,0 метрлік су құбыры қайта жасалды. Онда 3 – сантехникалық құдықтарға монтаж жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, жарты жылдықта екі инвестициялық бағдарлама бойынша 307,7 млн теңге игерілді. Қысқыш кәрізді СПС-2-ден ұңғыға дейін – көшедегі бөгетшіге қайта құру. Маяковский көшесінде ұзындығы 1,2 шақырым, құрылыс жүргізілді. Келісімшарттық құны – 229,8 млн теңге. Бүгінгі таңда 192,1 млн.теңге сомасына 0,9 шақырым коллектор аяқталды (екі жылдық нысан), оның 2019 жылы іске асырылу сомасы 65,8 млн теңге, 32,8 млн теңгесі игерілді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77