Новости

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»

Қостанайда балалар арасында ұймдастырылған республикалық кинофестиваль мәресіне жетті

 Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаұйымдастырылып отыр. Мақсаты жас өрендердің дарынын анықтау, кино өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін арттыру.

Бұл байқауда әр аймақтан келген 134 оқушы қатынасып, 9 номинация бойынша сынға түсті. Алғашқы рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған шараға қатынасушылар осыған дейін екі кезеңде іріктеуден өткендер.

«Балалар кинофестивалі ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сәйкес өтіп жатыр. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басты ұстын етіп алдық. Үміткерлер деректі, ойынды, анимациялық фильмдер, әлеуметтік бейнебаяндар және тағы басқа да номинациялары бойынша жасаған жұмыстарын көрсетеді. Негізгі мақсатымыз – оқушылардың осы өнерге қызығушылығы арттыру және дарындыларды анықтау», – деді Әсемгүл Нұрланова Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өкілі.

Фестивальдің қатысушылары кез-келген жанрдағы қысқа метражды фильмдер мен шығармашылық өзектілігі бар деректі және ойын киносы, STOP-MOTION-видео – сюжетті туынды, әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик, анимация,  видео-арт – бейнеролик, музыкалық клип, киножурнал, «Ералаш» – әзіл-сықақ номинациялары бойынша дайындалып келді.

Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орынға ие болған жеткіншектер марапатқа ие болып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ жалпы командалық есепте озық деп танылғандар, жүлдегерлерді дайындаған тәлімгерлері де назартан тыс қалмай, алғыс хатпен марапатталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте үшінші орынға лайық деп Қостанай облысының қатысушылары марпатталды. Түркістан облысынан келген жас өнерпаздар екінші орынды жеңіп алды. Ал, бірінші орынға Алматы облысының қатысушылары қол жеткізіп құрметке бөленді.

Сералы МЫРЗАБАЙ 

Суретті түсірген Владимир ФАЙЛЬ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77