Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі мәлімдеді
Бала бақшаларда ағылшын тілі оқылмайтын болды. Бұл жайында Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Сонымен қатар «Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру ескерілген.
Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік бала бақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады» деп атап өтті А. Аймағамбетов.
Үкімет сағатында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау болды. Талқылауда министрлік Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке бала бақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке, сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артқанын, барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақша – 6 470, шағын орталықтар – 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайтынын (2015 ж. – 758 772 адам) анықтап айтқан болатын.
– Бір қарағанда кішкентай бүлдіршіндерге ағылшын түрін үйретудің де мәні жоқ сияқты. Олар бұл тілді мектеп табалдырығын аттағаннан кейінде үйренері анық. Менің ойымша мысалы ең кіші топ 2 жасар балаға ағылшын тілін қалай үйретуге болады. Ол кезде олар тек енді ғана аяғын басып, ойынға ден қоятын кездері ғой. Сондықтан бала бақшаларда ағылшын тілін оқытпағаны да дұрыс деп санаймын,-дейді бала бақшаға баратын Қайсар және Медет есімді ұлдары бар ана Айдана Ақтамбетова.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77