Көп балалы аналарға қандай көмек жасалса да артық емес
«Қой егіз туса, тіп жусан артық шығады» дейтін қазақ халқы артында қалатын ұрпағының көп болғанын қалаған. Ертеде ата-бабалырымызда кемдегенде 10 бала болғаны белгілі. Ол кезде заман кең болды ғой деп күрсініп, шер тарқататын қарттарымыз да жеткілікті. Қазір заманның тарлығы болар мүмкін, бала туу саны күрт азайып кетті.
Бұл біріншіден бүгінгі нарықпен де байланысты болса керек. Тамақ киім-кешек, балаларға керектінің барлығының бағасы көкте шақытап тұр. Міне, осындай кедергілер қазір жас келіндердің әжелеріне ұқсап, көп балалы болуына кедергі жасап отырғаны айтпасақ та белгілі әрине.
Сонда көптеген бүлдіршіндердің күміс күлкісі төгіліп жататын шаңырақтар да бар. Бүгінде оларға көп балалы отбасы деп қарайтын болдық.
Елімізде көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы деген әлеуметтік топтар бар. Бүгінгі заманның келбеті осындай жандардың күнделікті керегіне қаржы жеткізе алмай қиналуы болып отыр.
Бірақ та елімізде көп болалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетіліп жақтанын да жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі таңда мемлекетімізде ғұмыр кешіп жатқан, әлеуметтік көмекке зәру көп балалы аналарға сәуір айынан бастап әлеуметтік көмек көрсетіліп, жоғары жәрдемақы төленіп жатыр.
Бұл біріншіден бала күтімімен үйде отырған аналарға тағайындалды. Осындай көпбалалы аналардың бірі Затобол кенітінің тұрғыны Арайлым Жармышева.
Оның 4 баласы бар. Үлкені Айбек 8 сыныпта, екіншісі, қызы Аида 5 сыныпта оқиды. Соңғы егіз ұлдары Ахмат пен Аңсар 2 жаста.
Осы балаларды күтіп бағу үшін үйде отырған Арайлым бала бақша тәрбиешісі. Отағасы Айдос болға полиция қызметкері. Арайлым қазір бала күтімімен үйінде отыр. Аталмыш әлеуметтік көмекті тағайындап, сәуір айынан бастап алып отырғанына өте қуанышты.
Көп балалы отбасыға үкімет тарапынан қанша қаржы төленсе де көп емес әрине. Бала еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы.
– Мен 4 балаға үкіметтен 87 000 көлемінде жәрдемақы аламын. Бұл балалардың бір қажетіне жаратуыма жетеді. Біз сияқты көп балалы аналарға үкімет тарапынан беріліп жатқан көмек өте қажет.
Бүлдіршіндердің киімі де қымбат. Басқа қажетті заттары да жетерлік. Осы әлеуметтік көмекті алғаннан бері балаларыма қалағандарын алып беріп жүрмін. Олар да мәз-мейрам болып қалады. заттарды алуға мүмкіншілігім пайда болды.
Болашақта мемлекетімізде көп балалы аналарға басқа саладан да қаржылай қолдау көрсетілетін болса, нұр үстіне нұр болар еді,-дейді көп балалы ана Арайлым Төлегенқызы.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77