COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

16183

Выздоровевших

48574

Зарегистрированных случаев

1098

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

264

Летальных случаев

Новости

Балалар жазғы демалыстарын көңілді де мәнді өткізеді

Меткеп алды лагерьлер өз жұмысын бастайды

Шаһарымыздың барлық білім ордаларында оқу жылы аяқталғаннан кейін мектеп алды лагерьлердің жұмысы басталады. Қаламыздың орталығында орналасқан  №24 мектеп-гимназиясында балалардың 3 ай жазғы демалысында уақытын қызықты да мәнді өткізуіне барлық жағдай жасалған.

Аталмыш білім ордасының аға тәлімгері Бақытжан Айымның айтуына қарағанда, мектеп-гимназияда мектеп алды жазғы лагерьге баруға тілек білдіретіндер жыл сайын  саны жетіп артылады. Қазірдің өзінде өзінің жұмысын әлі бастамаған мектеп алды лагеріне 80 бала жазылыпты. Алдағы уақытта олардың саны 120-ға дейін толығатын болады.

Жастарына байланысты балалар әр топқа бөлініп, теңертеңгі 9:00-ден 14:00-ге дейін өздерінің уақыттарын көңілді өткізеді. Мұндағы мектеп алды жазғы демалыс 1 маусымда салтанатты түрде ашылып, 3 маусымнан бастап жұмысын бастайтын болады.

Олар қаламыздағы саябақтарда қыдырып, кинотеатрларға барып, таза ауада серуендеп жаңа достар табады. Сондай-ақ мұнда түскі астарын ішеді. Күнделікті ішетін тамағының бағасы 260 теңге болмақ.

Сонымен қатар жаз уақытында мектеп алды лагерьде болған балғындар шаһарымыздағы балалар шығармашылық сарайына жиі барып, онда өткізілетін шараларға қатысып, концерттік бағдарламаларды тамашалайды.

Балғындардың жазғы демалысын мәнді де мағыналы өткізу мақсатында — аталмыш мектеп-гимназияның ұстаздары мен тәлімгерлері қызықты ойындар ұйымдастырып, олардың бойындағы өнерлерін шыңдап, білімдерін жетілдіруге үлес қосады.

Мұнда өнерлі балалар ән салып, би билеп, өздеріне ұнаған үйірмелерге қатысып, уақыттарын қызықты өткізеді.

Міне, балдырғандардың ерекше қызығушылығын тудыратын меткеп алды жазғы легерьге ата-аналар қауымының да толық көңілі толады.

Сондықтан олар мұндағы білікті ұстаздар мен тәжірибелі тәлімгерлерге әрдайым өздерінің алғыстарын білдіріп жатады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77