Новости

Балалар жазғы лагерьде демалып, діни сауат ашу курсына қатысты

Мұнда олар өздеріне тың мәліметтер алып, білім көкжиектерін кеңейтті 

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде мектеп оқушыларына арналған сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Аталған шараға наиб имам Сейдағалиев Нұрлан және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің тәжірибе демалысындағы шәкірттер жетекшілік етті.

Аталған сауат ашу курсы екі бағытта жұмыс істеді. Мәселен, алғашқысында жазғы лагерь, яғни балалар 20 күн бойы мешітте дәріс алса, ал екінші жартысында түске дейін ұйымдастырылған дәрістерден сауаттарын ашты. Діни сауат ашу курсына 8-15 жас аралығындағы 40 бала қабылданды.

Мешіт ұстаздарының мәжілісінде бекітілген оқу жоспарына сәйкес балалар «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» және «Әдеп» сабақтарынан діни білім алып, таным көкжиектерін кеңейтті.

Аталған парасат ордасында шәкірттер тек білім алып қана қоймай, көңілді әрі бой сергітер ойындарға қатысып, өз араларында жарыстар өткізді.Сонымен қатар шаһардың көрнекті жерлерін аралап, оларға түрлі серуендер де ұйымдастырылды.

Әңгіме арқауына айналған шараның соңында балаларға сертификат табысталды. Діни білім нәрімен сусындаған балалар соңында «Дильшод» асханасы ұйымдастырған қайырымдылық  дастарханынан  дәм татты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77