Новости

Бас мүфти «Наш Костанай» газеті басылымын құттықтады

Қасиетті саналатын Рамазан айында «Наш Костанай» газетінің ұжымын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Серікбай қажы Ораз құттықтады

Серікбай қажы Ораздың құттықтау хатынҚостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов редакциямызға әкеліп табыстады.

Құттықтау хатта төмендегідей игіниетпен тілек білдірген:

«Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірлі Мешіт Хазезұлы! Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымыңызды он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын! Шаңырағыңызға шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Қасиетті айда жасайтын жақсы амалдарыңыз, құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруіңізді Алла нәсіп етсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке тілеймін!

Игі ниетпен, Төраға, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77