Новости

«Бірге-Таза Қазақстан»

Қостанайлықтар экологиялық акцияға белсенді ат салысты

Жалпы еліміз бойынша шілденің 27 жұлдызында «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылған болатын. Бұл Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ө.Маминнің бастамасы болатұғын. Осы игі бастаманы қолдап Қостанай облысы да белсенді ат салысты.

Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме басшыларымен қызметкерлері, ұйым жетекшілерімен еңбеккерлері, кәсіпкерлер  жұмылдырылды.

Қостанайлықтар Қостанай-Федоров жағынан Қостанай қаласына кіре берістегі орман алқабы Тобыл өзенінің жағалауы қалалық жағажай ауданы аймағын, сондай-ақ Қостанай ауданына қарасты елдімекен аумағын қоқыстан тазартты.

Осы экоакцияға Қостанай облысының 10 мыңнан астам тұрғыны жұмыла жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, қала әкімі Қайрат Ахметовте шаһар маңайын тұрмыстық қалдықтардан арылтуға  белсенді ат салысты. Қостанайда қанша сенбілік шаралары ұйымдастырылса да, қаланың кей сыртқы жерлері үнемі назардан тыс қалып қояды. Қала әкімі Қайрат Ахметов осы жайды басты назарға алғандығын айтты.

–  Қостанай қаласының бұл жақ аумағына ешқашан сенбілік жүргізілмеген. Көбісі белгіленген орынға дейін қоқысты жеткізбейді, орта жолдан, тас жол үсітнен қоқыс тастап өте береді, – деді қала әкімі.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мұндай акциялар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрғанының игі екендігін айтты.

– Облыстың барлық аймақтарынан 10 мыңнан астам адам акцияға қатысуға ниет танытып, қолдау білдірді. Ұлт денсаулығы экологияға байланысты, сондықтан біз әрқашан осындай бастамаларды қолдаймыз. Бұл бір реттік акция емес, қажет болған жағдайда тағыда қолға аламыз, – деді ол.

Акцияға қатынасушылар бұл, тек бір күнде тындырылатын шаруашылық емес, туған жеріне жаны ашыған әрбір азамат әркез жасайтын іс деді . Ең бастысы – аймақтың тұрғындарын осындай іс-шараларға тарту қажет екендігін айтты.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Сергей МИРОНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77