Новости

Діни білім алған шәкірттерге сертификаттар табыс етілді

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде кезекті «Екі айлық сауат ашу» курсы аяқталды

Шаһарымызда өткен аталмыш курсқа қатысқан шәкірттер «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білім алды.

Онда наиб имамдар Мейрамбек Жетесов, Нұрлан Сейдагалиев, Бақберсін Ізбасаров, Дархан Қосылбаев оқу барысында шәкірттерге тиянақты білім берді. Өздерінің білгендерін жастарға үйретіп, олардың діни сауатты болуына баса назар аударды. Шәкірттердің діни сауатын арттырып, оларға жат ағымдардан қалай сақтану керектігін үйретті. Мұндай курстардың жергілікті тұрғындар үшін алар маңызы зор.

Оқыту курстары аяқталғаннан кейін «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан Әмірханов түлектерге арнайы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуына қарағанда, «Екі айлық сауат ашу» курсы барысында шәкірттер мешіт асханасында 3 мезгіл тамақтанып, тегін жататын орынмен қамтамассыз етілген. Енді олар алған білімдерін ел игілігіне жұмсайтын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77