Новости

«Ел үлесі пәтерге» жобасының аясында 146-шы баспананың кілті табыс етілді

Бұл Қостанай өңіріне тиген 5-ші баспана болып отыр

Көпшілікке белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен елімізде «Ел үлесі пәтерге» атты игі бастама қолға алынған еді. Бұл игі бастама Қостанай өңірінде тағы да жалғасын тапты.

Аталмыш шарада Қостанай облысына арнайы сапармен келген «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының ықпалымен «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша қоныс тойын тойлағандығын жиналған қауымға жеткізді.

Міне соның 146 шы үйі Сарыкөл ауданының тұрғынына бұйырды.

Ол үй аудандағы «Қабдеш ата» мешітіне қызмет етуге келетін діни қызметкерге ұсынылатын болады.

Осы баспананың 5-і Қостанай өңірінде берілгендігін айтты. Сонымен қатар, көпшіліктің алдында Сарыкөл ауданының бас имамы Нұрбол Балахметке пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ «Тайқазан» жобасы бойынша қайырымдылық мақсатында 30 жанұяға арнайы азық-түлік берілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77