Новости

«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға көп көңіл бөлінеді, көп балалы отбасыларды, аз қамтамасыз етілген азаматтарды, мүгедектерді, жастарды және басқа да мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыруға тарту бойынша шаралар қабылдануда»

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Лүлнәр Әбенова, Өңірлік коммуникация қызметі алаңында, аймақ бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» барысы туралы баяндады

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамту саласындағы басты бағдарламалардың бірі болып табылады.

– Ағымдағы жылы Бағдарламаны іске асыруға 8,8 млрд теңге көзделді. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында қазіргі таңда 25369 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 3012 адам кәсіптік оқытуға, 3341 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданды, 1319 адам грант және микрокредит алып, 18,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, – дейді «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Гүлнәр Таубайқызы.

Мекеме басшысының айтуынша, бағдарламаға қатысушылар құрамындағы 85, 1%-ті – жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген адамдар. Ал, 14, 9%-ті – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар екен. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға көп көңіл бөлінбек, көп балалы отбасыларды, аз қамтамасыз етілген азаматтарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, жастарды және басқа да мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыруға тарту бойынша шаралар қабылдануда екен. Бүгінгі таңда аталған санаттардың ішінде 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандығын айтады.

– Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселесіне көп назар аударылып, көбалалы, аз қамтылған адамдарды, мүгедектерді, жастар мен мұқтаж адамдардың басқа да санаттарын жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда осы санаттағылар қатарындағы 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Мемлекеттік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары, жеке бастамалар аясындағы жобаларды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарын құру шаралары қабылданады, – деді Гүлнәр Таубайқызы.

Ағымдағы жылдың 11 айында облыста 15 мың жұмыс орны құрылған екен, оның 9,1 мыңының жұмыс орны тұрақты болып саналады.

– Жалпы, Бағдарламаны іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Микрокредит берудің арқасында облыстың қаалалары мен аудандарында 464 жаңа стартап-жоба, сондай-ақ жас кәсіпкерлердің (29 жасқа дейінгі) 120 жобасы іске қосылды. Әйелдер арасында микрокредит беру белсенді іске асырылуда. Жалпы, Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде кәсіпкер әйелдердің жобаларына ауылдарда 147%-ті, қалаларда 49%-ті келеді, – дейді Гүлнәр Әбенова.

Бағдарлама ауылда жеке кәсіпкерлік бастаманы дамыту мен қолдау және адамдарды мақсатты жұмыспен қамтамасыз ету үшін мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы Бағдарлама аясында кредит алушылар 716 жаңа жұмыс орнын құрылған көрінеді.

– Қазіргі таңда облыстың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. «Еңбек» бағдарламасын іске асыру жылдары жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 0,2 пайыздық тармаққа төмендіп, 4,7% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдардың үлесі 1,3 пайыздық тармаққа төмендеді, – дейді Гүлнәр Әбенова.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77