Новости

Көк базарда түрлі-түсті жеміс бар

Қалағаныңды барып сатып ал

Жаз келіп, жеміс-жидек пісіп, бау-бақша баптайтын жандардың өздерінен артылған жидекті базарға апарып сататын сәті де келіп жетті.

Қала орталығындағы көк базарға барсаңыз бірден көзіңізге шалынатыны жергілікті бау-бақшада өскен жемістер. Міне, бүгінде сатылымда не қалайсыз соның бәрі бар. Оның ішінде шие, бүлдірген, алма, құлпынай, крыжовник және басқа да жемістер жетіп артылады.

Оның сыртында бақшада өскен қияр, қызанақ, картоп, жуа да сатылымға қойылған.

Енді осы жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасына тоқталып кетсек.

Орталық базарда бүлдіргеннің 1 литрінің бағасы – 1600, ал құлпынайдың 5 литрлік шелегі – 6000, шиенің 5 литрі – 1700, крыжовниктің 1 литрі- 800, алма – 400 теңгеден сатылып жатыр.

Жыл сайын шаһар тұрғындары көк базарға жергілікті жеміс-жидектің сатылымға шыққанын асыға күтеді. Оның бір себебі, ішкен шайыңыздың дәмін келтіріп, тәтті ететін түрлі тосаптарда жатыр.

Қала халқы «Қыс қамыңды, жаз ой» дегендей күннің жылы кезінде табиғи таза жеміс-жидектерден тосап қайнатып, өзіміздегі бақшада өскен қияр, қызанақтарды тұздап, қыстай жейтін тағамын дайындауға кіріседі.

Міне, қазіргі сәтте осы науқын қарқын алған. Қай үйге барсаңызда тосап қайнатып, әлек болып жүрген үй иесін көресіз. Бұл өмірдің шын бейнесі.

Осынау тосап қайнатуда аса қажетті қанттың да бағасы жаз айларында ұстауға келмейтіндей көкке шарықтап кетеді. Нарықта  сұранысқа айналған заттың бағасы тез арада қымбаттап шыға келетіні белгілі ғой. Бүгінде азық-түлік  дүкен сөрелерінде қанттың 1 келісі – 280 теңгеден асып жығылады.

Сондай-ақ жергілікті бау-бақшада өскен қиярдың 1 келісі – 350, қызанақтың келісі – 400 – 500 теңгеден асады. Бірақ өзімізде өскен қызанақты базардан кездестіру өте қиын.  Олардың дәмі де еліміздің оңтүстігінде тез арада пісіп, сатылымға қойылған жеміс-жидектері мен көкөністерінен ерекше. Өйткені, ол табиғи таза өнім.

Жалпы, жылда бау-бақша иелері өнімнің көп болғанын қалайды. Бірақ биыл жеміс-жидектің шығымы былтырғымен салыстарғанда аз болып отыр. Оған біріншіден биыл жаз уақытында жауын-шашынның аз түскендігі себеп әрине. Сонымен қатар көп жылдан бері бау-бақша ұстап, оның өнімін алып жүрген жандар жеміс ағаштарының демалатын уақыты да болады деп отыр.

Он жылдан аса өзінің бау-бақшасын ұстап, одан алған өнімді қысқа дайындап, артылғанын көк базарда сатып отырған Лаура орталық базарға  жетісіне  екі  рет келеді екен. Ол осы уақаттарда өзі өсірген жеміс-жидектерін сатады. Ол да өз кезегінде биыл жеміс көп болмағанын айтады. Сондықтан ол қазір өзінің бақшасында өскен қияр, картоп сынды көкөністерді сатып отыр. Сондай-ақ ол жеміс-жидектің аздығына байланысты оның бағасы да төмендемей тұрғынына тоқталды.

Бағасы қымбат болса да қала тұрғындары табиғи таза жемістерді сатып алуға құштар екен.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77