Қостанайдағы көпқабатты үйлерді паналайтын кептерлердің жайы тұрғындарды толғандыруда
Тәуелсіздік көшесіндегі қасбеттері жөнделіп, жылу сақтайтын жабындылар қапталып жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған бірнеше көпқабатты үйлерде сол жұмастардан кейін, көгершіндердің паналайтын жері қалмаған. Бұрын құстар шатыр мен үй қабырғасының түйіскен жерін мекен ететін. Ал, қазір ол ашық жерлердің барлығын жаңа жабындымен жауып тастаған. Тірі табиғат иелеріне мұндай қиындық туғызу адамгершілікке жатпайды дейді сол үйлердің бірінің тұрғыны Берік Бұзаубақов.
– Көгершіндерді тіршілік иесі ретінде көзқарасым онды. Жарақаттанғандарына жәрдем беріп, қолдан асырап өз еркімен ұшып кеткенінше қамқор боламын. Қалдық тамақ, нан үгітіп шашып беріп тұрамын. Оларға адамдар пана болуы керек. Ал, үйлерді қаптап жатыр қазір, кептерлердің жайы туралы ешкім ойламаған. Олар да осы көпқабатты үйді бұрыннан мекен ететін, былайша «тұрғыны» деп айтуға болады, – дейді тұрғын.
Екінші жағынан, баспаналардың ауа желдеткіштеріне ұя салып алған кептерлер, түн болып, бәрі тынышталған уақытта «гуілдеп»тұрғындардың тынышын қашыратыны тағы бар. Сол қуыстардан шыға алмай кептетіліп өлген кептерлер қаншама.Әр баспанаға барып тұратын желдеткіштерге қонақтап алатын кептерлерді, енді кірмесін деп кей тұрғындар сол ұяшықтарды кірпішпен бітеп қойған.
– Кей көршілер кептерлер мазасын алғаннан кейін бітеп тастағандары бар. Ал, өзіме соншалықты кедергі келтіреді деп айта алмаймын. Кейде жатқан кезде «гуілдеп» дыбыс шығаратындарын анық естимін. Ол енді өзгелеріне ұнамайтын болуы да мүмкін. Сосын кептерлер қоқыс жәшігі маңайында өте көп жүреді. Олар қоқысты қазып, қопарып тастайды. Көптеп келіп ұшып-қонғандықтан қоқыс маңайы шашылып жатады. Шашылған жерге жәндіктерде, басқада жануарлар үйір келеді. Сөйтті екен деп барлық кептерлердің көзін жоймайсыңғой, ол табиғаттың жаратылсы. Басқа тараптан шаралар қолданылуы керек деп ойлаймын. Қазір кептерлер тіптен көбейік кетті, көп болғаны да жақсы емес, – дейді көп қабатты үйдің бірінің тұрғыны Надежда Валентиновна.
Сондай-ақ, тұрғындар соңғы кезде кептерлердің көбісі өліп, көбісі ұша алмай теңселіп жүрген көгершіндердің көбейіп кеткендігін айтады. Онысын жақын маңда ұшып барып іше қойатындай судың жоқтығынан көріп отыр. Осының себебінен құстарәлсіздікке ұшыраса, екінші тараптан күннің ыстығына шыдас бермеуде. Оны осы кептерлерге күніге азық беретін құс жанашыры Ольга Михайловнада айтады.
– Кептерлер соңғы уақытта расымен де өздерін жайсыз ұстап жүр. Күнде тамақ беруге шыққанда сырттай бақылап отырамын. Көбісі тамақ бергенде жеуге келмейді. Бастарын айналдырып отырып алады. Неден екенін білмедім. Көршілер кептерге бер деп тұрып қалған нандарын береді. Мен таңдап беремін. Көгерген, иістенген тамақтарды бермеуге тырысамын. Оларға бірдеңе жетіспейтін секілді. Олар негізінде бидай жеп қоректенедіғой. Ал, менде құстарға беретін бидай қайдан болсын. Ресейдің Санкт-Петербург және өзге қалаларының кептерлері Қостанайдың көгершіндеріне қарағанда әлде қайда қуатты. Өйткені ол жақта арнайы бидай, шекілдеуік беретін көрінеді. Ал ол тағамдар олардың негізгі қорегі. Сол себепті әлді. Бізде тек орталық алаңда жүрген кептерлер бидай жемесе де, өткінші халық оларға шекілдеуік тастағанан кейін епті секілді көрінеді. Олар кез-келгенді жемейді, таңдайды. Осының барлығы азыққа байланысты. Ал, аулалардағы кептерлер құнарлы қорек жемегенен кейін түрлі жағдайға ұшырап қалуы мүмкін. Көздері де, қозғалыстары да жартылай ауру, құдды бір «мүгедек» тәрізді.
Қазір жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп үйлердің ашық-шашық жерлерін бітеп жатыр. Мен тұратын үйдің жанындағы шағын отбасыға арналған жатақхананың құстар паналайтын бір жері жоқ. Құрылыс жабдықтарымен бәрін жауып тастаған, – дейді ол.
Бұнымен қоймай кептерлерге ауладағы жас балалар қорлық көрсететін көрінеді. Қызық көріп қандай да жолмен аулайды. Байлап қойып ойнайды. Осы қылықтарының барлығы құстарды үркітіп, үрейлендіріп жібергендегін айтады.
Жоғарыда айтылған мәселені ескеріп арнайы кептергерге ұялар жасаған да жаман болмас еді. Алайда, бұл кептерлер жабайы түрге жататындықтан ол ұяларға үйренісіп кетуі екі талай. Өзекті мәселенің тағы бір ұшы баршасына бірдей ұя жасайтын мүмкіндіктін жоқтығына келіп тіреледі.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суреттерді түсірген Бағдад АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77