COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

117362

Выздоровевших

133118

Зарегистрированных случаев

5471

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

9 мая

«Кімнің ұрпағы екеніңді айтып бер?» атты байқауымыздың кезекті қатысушысы Жантуар Хабзуллин әңгімесінің атауын «Өткенге хат» деп атапты

Ол атасы жайлы толғанысын «Әлемде соғыс болмасын» деген өлеңмен аяқтаған екен

Құрметті менің атам Алдаберген Қасқаұлы! Бейбіт заманда қолыма қалам алып, Сізге хат жазып отырмын. Дәл мендей талай шөберенің қаншама ата – әжелері қан майданда біздің осындай мамыражай өміріміз үшін жандарын қиды.

Күніміз жарқырап шығып, айымыз оңынан туып, бейбітшілік шаңырағының астында, керегедей біріккен бірлігіміз үшін Сіздің алдыңызда бас иіп, тағзым етемін.
Батыр атам, мен сіздің шөбереңіз боламын. Сізді соғысқа шақырған кезде небәрі 17 жаста ғана болғаныңызды ойласам, мен де дәл өзіңіздей батыр да, батыл тұлға болғым келеді. Сізді 1943 жылы соғысқа шақырғанда елім үшін, болашақ үшін деп ойланбастан кете бардыңыз. Майданға кетер алдында Сіз өмір қиындығына тап болып, жетім қалып, балалар үйінде тәрбиелендіңіз. Соғысқа келген күннен бастап Маршал Жуковтың дивизиясына түскен Сізді біз ұрпаққа үлгі етіп еске аламыз. Жуков Г.К. қолбасшылық еткен Берлин операциясына қатысып ерлік көрсеттіңіз. Сол операцияда жарақат алып, госпитальда емделіп соғыстан 1950 жылы ғана елге оралыпсыз. Осы ерлігіңіз үшін талай мәрте орден мен медальға ие болдыңыз.

Елге келген соң, әжеміз Жәмиля екеуіңіз 1951 бас қосып, керегесі кең, шаңырағы биік орда құрыпсыз. Қазіргі таңда 11 ұл – қыз, 24 немере мен 21 шөбере көріп отырған бақытты Атасыз.

2006 жылы Елбасымен кездесуге барып, медаль мен құрметке бөленіп келдіңіз.

2009 жылы Ата сіздің «Тағылымды ғұмыр» атты кітабыңыз жарыққа шықты. Ол кітапты оқып балаларыңыз, немере, шөберелеріңіз бір марқайып қалдық.

Нұр шашқан алтын күннің астында, гүлдей құлпырған өскелең ұрпақ Сіздерге қарап өсуде. Сіздердің ерлік істеріңіз, ұрпақ үшін төккен қан мен тер жүректерде мәңгілік маздап жанған алаудай жалындамақ. Осындай ерең еңбектеріңіз бен ерліктеріңіздің арқасында мен бейбіт заманда өмір сүріп жатырмын. Сіздің және майдандастарыңыздың арқасында келген осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бақытты балалық шақ үшін мың алғыс! Ер есімі – ел есінде!

Қарты бар үйді отаны дерсің батаның,
Жүректе тілек қартаймай ата жаса мың.

94 – тен асып үлгі боп жүрген біздерге
Ұрпағы біздер Алдабергендей атаның.

Батырлар тіккен соғысқа басын,
Аналар төккен соғыс деп жасын.
Жетім мен жесір жылайтын заман
Әлемде енді соғыс болмасын.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» мемлекеттік мекемесінің
1 «В» сынып оқушысы Хабзулин Жантуар


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77