Атасы Әлібек Беисов Ұлы Отан соғысынан жаралы болып оралса да мойымай елде қызмет істеген
Ұрпақтан –тағзым!
Бейбіт өмірдің бал дәмін татып бүгінде,
Шатықта шалқып мен өсіп келем аташым.
Ұрпағы екенмін тарихқа терең үңілсем,
Бір жанның ата өзіңнен алған батасын.
Ерлігіңді де әкемнен білдім,сыр ұқтым.
Ұзақ тыңдадым,ағам да берді мәлімет.
Отан қорғаушы,елінің өрен –батыры.
Ол менің бабам, ол менің атам Әлібек! – деп мен де жүрек жарды өлең жолдарымды арнап, Ұлы Отан соғысының батыры өзімнің атам Беисов Әлібек Беисұлының ерлігі туралы және мен батыр атаның ұрпағы екенімді айтқалы отырмын.
Атам 1921 жылы Әулиекөл ауданының Қоскөл ауылында туып өскен екен. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылыпты. 62845 әскери бөлімшесі құрамында соғысқа қатысқан. 1944 жылы қараша айында аяқ-қолынан қатты жарақат алыпты. ІІІ топтағы мүгедек 1945 жылы елге оралыпты. 1947-1970 жылдар аралығында Қостанай қаласында жол саласында қызмет атқарып, одан кейін Лавтентьевка ауылында жұмыс істеген. 1981 жылдан зейнеткер. Рақыш әжем мен Әлібек атам үш бала тәрбиелеп өсірген. Бір ұл, екі қыздан 11 немере сүйіпті.
Атамның марапаттары: ІІдәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, 1941-1945 жж «Ұлы Отан соғысында Герман әскерін жеңгені үшін» медалі және т.б. Атам 1992 жылы қайтыс болып, Лавтентьевка ауылында жерленіпті. Бүгінде әкем атамның басына барып құран бағыштап, оның ерлігі туралы айтып отырады. Мен де осындай атаның ұрпағы болғаныма қуанып, ата ерлігіне басымды иемін, өскенде ел қамын ойлайтын азамат болсам деймін.
5 «Б» сынып оқушысы Аят Самбулат
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің физика-математикалық лицейі»
мемлекеттік мекемесі.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77