COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102736

Выздоровевших

107775

Зарегистрированных случаев

3483

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

9 мая

«Кімнің ұрпағы екеніңді айтып бер!» байқауының қатысушысы Ибрай Аяулым өзінің ұлы атасы Ыбрайұлы Үрпек жайлы баяндайды

Аяулым Ибрайдың атасы 1941 жылы Әулиекөл жерінен соғысқа аттанған көрінеді

Халқымыздың басынан өткен тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Міне, сол жеңіске де 75 жыл толып отыр. Қан майданда Отанымызды жаудан қорғауда аянбай ерлік пен табандылық көрсеткен майдангерлеріміздің, осы сұрапыл соғысты басынан аяғына дейін кешкендердің бірі – менің ұлы атам Ыбрайұлы Үрпек шын есімі (Абдраxман).

Ұлы атамыз 1896 жылы, 16 сəуірде казіргі Наурызым ауданы Қарамайшы ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған атамыздың ол кезде білім алу мүмкіншіліктері болмаған. Атамыз ауылда өсіп, өмірдің сан -қиыншылықтарына биімделіп өскен. Аттың құлағында ойнаған. Қандай жұмысқа да икемді ,қолынан бəрі келетін өнерлі ,батыр денелі мықты кісі болыпты Ауылда мал шаруашылығымен айналысқан мал шаруашылығының қыр сырын жастайынан біліп өскен атамыз үлкендерді құрметтейтін ,кішіні жақсы көріп ізет тұтатын үлкен жүректі кісі болған.

1941- жылы Əулиекөл əскери бөлімшесінен соғысқа аттанады. Сол кезде атамыз 45 жасқа келген кезі екен , соған қарамай соғысқа жіберген екен . Атамыз қан майданда жан аямай соғысып ерлік көрсеткен “Ерлігі үшін “,”Отан қорғаудағы ерлігі үшін” т.б көптеген ордендермен медальдардын иегері. Соғыста аяғынан жарақат алып, госпитальда емделіп қайтадан соғысқа аттанған атамыз тірескеннін тізесін бүктіретін, белдескеннің белін сындыратын, жағаласқанның жанын жаһанамға тапсыратын нағыз ерлік көрсеткен батыр болыпты. Жасының үлкендігіне қарамай, қайда жіберседе аса ептілік табандылық көрсетіп, жанын салып соғысқан атамызды командирлері де еңбегін аса қатты бағалап құрмет тұтыпты . Соғыстың басынан аяғына дейін жүріп өткен атамыз аман-есен 1946 жылы елге оралыпты. Жеңіспен оралған атамыз еліне келіп, елдегі кейбір о лқылықтарды , келеңсіз оқиғаларды реттеп бұрынғы бейбіт өміріне қайта оралады.

1950 жылы 15 қазан айында біздің Ошақбай атамыз дүниеге келіпті. Ұлы атамыздың қуанышында шек жоқ, жалғыз баласының амандығын тілеп, Аллаға күнде шүкіршілік айтып, атамыздан 2 немере көріп 1976 жылы дүниеден өтті.

Біз ұлы атамыздың ерлігін мақтан тұтамыз біз осындай батыр атанын ұрпағымыз. Бізді осындай бақытты өмірге жеткізген атамызға алғысымыз шексіз!!! Біз де елімізді жерімізді сүйуге, көркейтуге, қорғауға уəде береміз. Тəуелсіздігіміз мәңгілік болып, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Женісіміз құтты болсын!

Ибрай Аяулым


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77