COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101822

Выздоровевших

107199

Зарегистрированных случаев

3461

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

9 мая

«Кімнің ұрпағы екеніңді айтып бер!» байқауының қатысушысы Нұрай Сабырканова ұлы екі атасы жайлы баяндайды

Нұрай өз атасы мен нағашы атасының ерлігін мақтатын тұтатындығын жеткізген

Бұл хатымды мен өзімнің арғы ұлы аталарыма арнап жазып отырмын. Мен Күмісбеков Хабден атамыздың Сабырқан деген баласының ұрпағынан тараған шөпшегімін.

Менің ұлы атам Кумусбеков Хабден Кумусбекұлы, 1903 жылы Қсоатнай облысы Әулиекөл ауданында туылған. 1942 жылы атамыз Отанды қорғауға шақыртылған. Ұшқыштар әскерінде сарбаздық қызметін атқарып, І Белорусстық майданда 61 әскер қатарында жауға қарсы күреске қатысқан. Неміс фашистерімен күреске қатысып, батылдық танытқаны үшін атамызды: «За взятие Кенигсберга», «1941-1945 ж.ж.Ұлы Отан Соғысының Жеңісі үшін» мерейтойлық медальдарымен марапаттаған. Советтік Латвияның астанасы – Рига қаласында штурмды басқаруда үздік әскери әрекеттері үшін Алғыс хатпен марапатталған. КСРО ХІІ сессиясының шешімі бойынша 1945 жылы 06 маусымда Күмісбеков Хабден Күмісбекұлы, Әрекеттегі әскер қатарынан отанына оралды. Отанына оралған соң атамыз мал шаруашылығында жұмыс атқарған. Тыл игеруде және халық шаруашылығын қайта көтеруде белсенді күш салған.

Атамыз отбасын құрған, үш баланың әкесі атанған. Қазіргі таңда 7 немересі 16 шөбересі, 18шөпшегі бар.

Біз атамыздың осындай барлық Қазақстандықтарды фашистік немістерден аман алып қалып, бізге жарқын болашақ, ашық аспан, тыныш және бейбіт өмір сыйлаған, Батыр атамызды әрқашан жадымызда сақтап, мақтан тұтамыз! Ол тек біздің отбасымыздың ғана мақтанышы емес, ол барлық қазақ халқының Батыр атасы!!! Біздің үлгі тұтар мақтанышымыз!

Ал енді сөзімді екінші атамыз Тукеев Ташетке бөлсем деймін. Ташет атамыз, бұл менің өз әжем Кумусбекова Гульжан Ташетқызының әкесі. Яғни менің әкемнің нағашы атасы. 1920 жылы Науырзымжерінде дүниеге келген. 1941 жылғы дейін колхоз жұмысын атқарған. Ұлы Отан Соғысына 1942 жылы аттанды. Соғыста Т-34 марклі танкінің жүргізушісі болған. Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі шайқастарға қатысып, алдыңғылардың бірі болып, Днепр өзенінен өтті. Чехословакияны, Польшаны азат етіп, Берлин операциясына қатысқан. Жеңістен кейін еліне оралып, тылда комбайыншы болып еңбек еткен. Екі мәрте Қызыл Жұлдыз және Қызыл ту ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945ж.ж.Ұлы Отан Соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

1946 жылы отбасын құрып, алты баланың әкесі атанған. Бұл атамызда біздің ұрпағымыз үшін көп еңбек етіп, қарулы, қайсарлы күштерге қарсы шығып Отан алдында өз борышын өтеп. Біз үшін жау алдында тайсалмай, қару алып, соғысқа аттанған атамыздың бірі. Мен осындай ұлы екі атам бар екеніне, солардың ұрпағы екеніне мақтан тұтамын! Олардың ерлігі мен батырлығы мәңгі біздің есімізде!

Нұрай Сабырканова
Қостанай қаласы №11 орта мектептің
2 «ә» сынып оқушысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77