Махметов Сахи Беларус майданының құрамында соғыса жүріп Германияның Кенигеберг қаласынан ұрысты аяқтайды
Ұлы Отан соғысына қатысқан менің атам Махметов Сахи Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық советінде 1916-жылы дүниеге келген. Балалық шағында жетімдікпен өскен ол жігіттік шағында Германия (1941) Советтер Одағына соғыс жарияланғанда 25-жаста болатын.
Алғашқылардың бірі болып соғыстың нағыз қиян-кескі шайқастары кезінде солдат қатарына қабылданды. Соғысқа кіріспес бұрын өзі сияқты жас адамдардан жасақталған атқыштар (снайпер)курсына оқытады. Екі ай атқыштар курстарынан өткеннен кейін Украина майданында соғысқа кіріседі, соғыстан жан беріп жан алысқан атқыштығымен көзге түскен солдатты Сталинград майданына әкеліп, қайнаған соғыстың ортасына салады тәртіптің қатаңдығы сондай бір адым да шегінуге болмаған тек қана, Алға, деген бұйрыққа бағынған. Айналаның бәрі көк түтін, борған оқ қасындағы адамның кімнің өлі кімнің тірі екенін білмейсің…
Сталинград шайқасында снарядтың оғынан госпитальға түскенде барып есін жиған, снаряд оғы сол жақ қарының жауырынға жалғас сүйегін сындырып уатып жіберген екен. Госпитальда 6-айдай гипсте жатып емделіп шығады содан қайтадан майданға аттанып Беларус майданының құрамында соғыса жүріп Германияның Кенигеберг қаласынан ұрысты аяқтайды…
1945ж-1946ж Балтық бойы Әскери округінде Қызыл Армия қатарында әскери борышын өтеді.
Елге 1946-ж ұзақ соғыс азабының салдарын, әскери өмірді көріп, жаны қиналып оралады. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» ¬- деген осыдан қалғанба дейсің…ауылға келе жатқан да көп құжаттарын қайда қалдырғанын білмеген. Бірақ Балтық әскери округінің басшысы Армия Генералы Баграмянның қолынан (1946ж) алған Алғыс хаты сақталған.
Ұлы Жеңістің 75-жылдығы мерекесі, біздерге осы күнгі бейбіт өмірді сыйлаған қаншама ержүрек Аталарымыз Әжелеріміз отан үшін кеудесін оққа тастап ерлік көрсетті. Ұлы Жеңіске жақтасуға атсалысқан Ұлы Отан Соғысында Украина, Сталинград, Беларусь, Балтық бойында шайқасқан 2-ші топтағы мүгедек Махметов Сахи Атамыз кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болатын ол кісі соғыстан кейінде адал еңбек етіп, халқына қызмет еткенін білсін деген ниетпен естелікті ұсынып отырмыз.
Атам марқұм рухы риза болып, ардагерлердің болашақ үшін көрсеткен ерліктері мен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Соғыс кезінде олардың көрген азаптарын ендігі ұрпақ көрмесін, елімізде әркез тыныштық болып, жаман індеттен құтылып байқуатты заман болсын деп тілейміз!
Нурсултан Сахи №15 орта мектептің 3 сынып оқушысы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77