COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101941

Выздоровевших

107307

Зарегистрированных случаев

3465

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

9 мая

«Кімнің ұрпағы екеніңді айтып бер!» байқауының қатысушысы Нұржігіт Сайлаубек ұлы нағашы атасының ерлігін мақтан тұтады

Соғыс ардагері Аяхмет Исмайловтың батырлығын немересі өлеңмен өріпті

Мен батырлардың ұрпағымын. Менің ұлы нағашым Исмайлов Аяхмет Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Мен ұлы атамды көрмесемде ол кісілердің ел үшін жасаған еңбектерін ата-әжемнен естіп, үйдегі кітаптардан білдім.

Аяхмет атам – ардагері соғыстың,
Батыр ата ұрпағы боп тоғыстым.
Ұлы соғыс кезінде ол батыр боп
Көрсетіпті құдіретін сол күштің.
Торғайдың топырағынан жаралған,
Сол өлкенің суын ішіп, нәр алған.
Ордені бар Ұлы Отан соғыстың,
«Еңбегінің Ардагері» атанған.
Атам менің ардагер ғой, қаһарман,
Аты шыққан бұл өңірден, шаһардан.
Ерлігіне сүйсінемін атамның
Жүрегі тек батырлықтан жаралған.
Арқалаған, атам, заман қасіретін,
Ұлы тұлға екенсіз ғой бас иетін.
Менің де осындай батыр атам бар,
Осы атамның жыр қылдым қасиетін!

Бала шағында өмірдің қатты сынағын бастарынан өткереді. Атамның балалық шағы яғни, 8-10 жасында 1932 жылдың ашаршылығына дөп келді.

1941 жылы Жанкелдин ауданы әскери комиссариатының шешімімен әскерге жарамды деп танылып, жауынгерлер қатарына алынады. 615-атқыштар полкінде атқыштар құрамында болып, Украина жерінде соғысады. Аяхмет атам оң жақ аяғынан ауыр жараланып, ІІ топтағы мүгедек болып оралады. Жарасы жазылғаннан кейін Жаңақоныс ауылдық кеңесінің секретары болып қызмет атқарады. Ал, 1950 жылы ауылдық кеңесінің төрағасы, 1953 жылы аудандық ағарту бөлімінің шешімімен «Алғабас» савхозындағы оқу үйінің меңгерушісі болып тағайындалады. Одан кейінгі жылдарда Арқалық пос совет төрағасының міндетін атқарушы, кітапхана меңгерушісі, «40 лет Казахстана» совхозының №7 фермасының, Абай савхозының №3 бөлімшесінің басқарушысы қызметін атқарады.1973 жылы «Абай» савхозының басқармасы қызметіне тағайындалып,1975 жылы «Абай» савхозында есепші болып қызмет атқарды. 1991 жылы құрметті зейнет жасына шыққан.

Атам, Аяхмет Исмайлов Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі Орденімен, 1980 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, «60 лет Вооруженных сил СССР» медалімен,1996 жылы Г.К.Жуов медалімен, Ұлы Отан соғысының 20, 25, 30, 40, 50, 55 жылдығы мерекелік медалімен марапатталған.

Қостанай қаласында тұратын атам, 2001 жыл дүние салып, сүйегі туған жері Құмкешу ауылындағы зиратқа жерленген. Ия, аталарымның өмір жолдары туралы әңгімелері тыңдағанда көз алдымнан кино лентасы өтіп жатқандай болады. Себебі аталарымыз көрген қиындықтар біз үшін қорқынышты әңгіме секілді.

Бізге бейбітшілік өмір сыйлаған аталарымыздың еңбегін ұмытпай, мақтан тұтып, дәріптеп отырып біздің міндетіміз деп білемін. Аяхмет атам қос кеудесі медальға толған сол кездің батыры болса, менде аталарым секілді болашақта бейбіт елдің батыры болғым келеді.

№28 мектеп-гимназиясының
4 «а» сынып оқушысы Нұржігіт САЙЛАУБЕК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77