9 мая

«Кімнің ұрпағы екеніңді айтып бер!» байқауының қатысушысы Нрақыз Сабыржанқызы сіңілі Айлана екеуі атасының ерлігін баяндайды

Олар аталары Төлеу Досумовтың ерлігін мақтан тұтатындықтарын жеткізген

Біз сіңілім Айлана екеуіміз кішкентай болғандықтан ата-ажемізге, әке-шешемізге көптеген сұрақтар қоямыз. Соның бірі біздің жанұямызда  ардақты да, аты жиі аталатын  мақтанышымыз – біздің арғы атамыз Досумов Төлеу . Атамыз Ұлы Отан соғысына қатысып,  қаһармандық танытып, Совет Одағының Батыры атағына  ие болған адам. Ұлы Жеңістің  75 – жылдығының  қарсаңында  мен атам туралы сөз қозғағым келіп отыр.

Атамыз Досумов Төлеу 23 ақпан 1923 жылы Қостанай қаласы, Мендіқара ауданы, Қарағайлы ауылында дүниеге келеді. 1942 жылдың наурыз айынан бастап майданда болады. Соғыстың соңына дейін Батыс майданының атқыштар полкінде қызмет етті. Әскери қызмет жаяу әскер мен танк бөлімшелеріндегі жеңістен кейін жалғасып, тек 1947 жылы аяқталды. Сол жылдардан естелік болып, әскери ордендер мен медальдар алады. Содан кейін атамыз Төлеу туған ауылына оралады.

Ол көптеген жылдар бойы өндірістің әртүрлі саласында жұмыс істейді, мал шаруашылығы саласын дамытуға көп күш жұмсаған. Осы еңбегі үшін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Төлеу атамыз жұбайы Бизатай әжемізбен бірге 8 баланы тәрбиелеп өсірді. Соғыс және еңбек ардагері, біздің атамыз 2006 жылы қайтыс болды.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Ұлы Отан соғысында қан кешіп, ұрыс даласында ерлік еткен батыр атамыздың бүгінгі ұрпағы біздер атамызды мақтан етеміз.

Қостанай қалалық №115 мектептің
4-сынып оқушысы Нарқыз САБЫРЖАН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77