Новости

Кітапхананың оқу залында «Алашқа адал болған қайраткер» атты еске алу кеші болып өтті

Онда жиналған қауым Сұлтанбек Қожанов жайында жан-жақты мәлімет алды

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Әмбебап оқу залында Қазақстанның белгілі саяси және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа арналған еске алу кеші болып өтті.

 

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Біздің Сұлтанбек Қожановтың өмірінен алатын үлгіміздің бірі – кең ойлау, өз халқың үшін шынайы уайым жеу, оның кемшіліктерін айта білу, осылайша олардан арылуға көмектесу» деген болатын. Сұлтанбек Қожанов – саяси және мемлекет қайраткері, Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, көсемсөзші, редактор. Оның есімі біздер үшін ерекше маңызды және барлық қазақстандықтардың мақтанышы деуге болады, ал оның өмірі мен қызметі келер ұрпақ үшін Отанға қызмет етудің үздік үлгісі болып табылады.

 

 

Кешке белгілі жазушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы, журналист, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ профессоры С. Оспанов, журналист, ахметтанушы И. Ағытайұлы, Қостанай гуманитарлық колледжінің тарих мұғалімі С. Ж. Досмағанбетов қатысты.

Шара мемлекет қайраткеріне арналған бейнефильмнен үзінді көрсетумен басталды. Әрі қарай жастардың өнерлерімен жалғасты. Онда олар өлең жолдарын мәнерлеп оқып, көпшіліктің жүрегіне жеткізді. Ақын Серікбай Оспанов жиналған қауымға Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен еңбек жолы жайында кеңінен әңгімеледі.

Қонақтардың назарына Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі және азаматтық ерлігі жайында тамаша басылымдар қойылған кітап көрмесі ұсынылды.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77