Бұл жағдай мүгедек баласы бар әйел үй сұрап келгенде орын алған
Қостанай облысына қарасты Меңдіқара ауданында жалғыз басты, мүгедек бала асырап отырған Айнаш (аты өзгертілген) деген азаматша тұрады. Бұл отбасының аудан орталығы Боровской ауылында қазіргі тұрып жатқан баспанасы апаттық жағдайда тұр.
Жалғыз ілікті ананың қазір түтін түтетіп отырған үйінің қабырғасы қақырап, кез-келген уақытта шаңырағы ортасына түсуі мүмкін.
Бірақ, ұстанып отырған дінінің кесірінен жалғыз басты ана Айнаш өз өмірін ғана емес, асырап отырған балаларының өмірін де қатерге тігуде. Себебі, бізге жеткен сенімді дерек көздері бойынша мүгдек баланың анасы Айнаш иегова дінінің жетегінде кеткен. Бар мәселе осында болып тұр. Біз оны мақала барысында таратып айтпақпыз.
Аудан әкімімдігі алып бермек болған баспанадан бас тартып отыр
Аудан әкімдігінен алған мәліметтерге қарағанда, Айнаш 2018 жылдың 18 нурыз күні жағдайын айтып, баспана сұрап жергілікті әкімдікке хабарласқан екен. Жалғыз басты ананың өтінішін жерге қалдырмаған аудандық билік өкілдері қол ұшын созып, оны тұрғын үй кезегіне қояды. Осылайша ол әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттен берілетін баспанаға мұқтаж жандардың тізімінің көшін бастайды.
– Боровской ауылының тұрғыны Айнаш бізге ауданның бұрынғы әкімі Ерлан Теменовтың тұсында баспана мәселісі бойынша арызданған болатын. Оған тұрып жатқан баспанасының шын мәнінде апаттық жағдайда тұрғанын растайтын комиссияның шешімін алып келуге ұсыныс берілді. Кейін Айнаш үйіне арнайы комиссияны шақырып, қажетті құжаттарды алды. Қазіргі таңда оның тұрып жатқан үйі кез-келген уақытта құлауы мүмкін деген сараптама құжаты бар. Біз оған барлық заңды тұрғыдан қол ұшын созып көмектесіп келеміз. Оның үстіне ауданда баспана мәселесі өте күрделі. Бірақ, бізде қол қусырып қарап отырмай мәселені жан-жақты қарастырдық. Жергілікті әкімдіктің есебінде тұрған баспаналарды да көрсеттік. Өкінішке қарай, үйлердің барлығы оның талабына сай келмеді. Өйткені, Айнаш асырап отырған мүгедек баласы болғандықтан ауыласы кең жайлы баспана керектігін түсіндік, – дейді «Нұр Отан» партиясы Меңдіқара аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Алла Тишбаева.
Осы аралықта кадрлық ауыс-түйіс болып, Меңдіқара ауданының әкімі болып Нұрлан Қатарбеков тағайындалды. Басындағы мәселесін айтып жаңа әкімнің қабылдауына кірген Айнаш аудандық бюджет есебіне үй алып беруге шешім шығарылады.
Осылайша жалғыз басты анаға аудан орталығынан сатылып жатқан үйлердің арасынан өзіне ұнаған баспананы таңдап алуға ұсыныс жасалыпты. Көп ұзамай ол өзі таңдауы бойынша баспананы тапқанын жеткізіп аудандық әкімдікке келген.
– Айнаштың таңдауы аудан орталығында Бексұлтанов көшесі, 7/2 мекен-жайында орналасқан Батыржан Нұрғалиевтың үйіне түсіпті. Бұл былтырғы жылдың соңы болатын. Үйді өзі де барып көріпті. Бізде көрдік. Ортылық жылу жүйесіне қосылған. Барлық жағдайы жасалған баспана болды. Оның үстіне аудан әкімі сол жерде тұрған тұрмысқа қажетті заттардың бәрін қалдыруға баспана иесіне өтініш білдірді. Негізі келіп тұра беруге дайын баспана болды. Қыстың күні болғандықтан тез шешім қабылданып, Айнаш сол баспанаға жаңа жылға дейін кіруі керек еді. Әкімдік пен үй сатушы Батыржан Нұрғалиевтың арасындағы келісімді Айнаштың өзі бұзды. Осылайша аудан әкімі алып бермек болған баспанадан ол өз еркімен бас тарты, – дейді аудан әкімінің орынбасары Құрманғазы Садуақасов.
«Даудың басы дайрабайдың көк сиыры» демекші, бар гәп Айнаштың Иегова дінінің жетегінде кеткені болып отыр. Беріп тұрған үйден осыған байланысты бас тартты. «Ол үйді алмаймын, оған мешіт арқылы жылу жүйесі тартылған».
Жалғыз басты ана Айнаш мәселесі шешімін тапты деп арқасын кеңге сала бастаған қуаныштары ұзаққа созылмады. Себебі, бұған дейін жалғыз басты ананы қайтсек үймен қамтамасыз етеміз деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүрген жергілікті билік өкілдері үшін бұл күтпеген соққы болған. Оны олар Айнаштың әкімдікке келіп, әкімнің атына өзі қолымен жазған хаттан бірақ біледі.
Хатта былай делінген:
«Мен Айнаш Меңдіқара ауданы Боровской ауылының тұрғыны жалғыз басты ана, асырауымда мүгдек балам барын айтып аудан әкімінен баспана мәселесін шешіп беруді сұрадым. Әкімдік өз кезегінде бетімді қайтармай қол ұшын созды. Менің таңдауым аудан орталығындағы Бексұлтанов көшесі, 7/2 мекен-жайында орналасқан Батыржан Нұрғалиевтың үйіне түсті. Сөйтіп, әкімдікке осы үйді маған алып беруге келісімімді бердім. Бірақ, артынан аталмыш баспананың мешіт арқылы жылу жүйесіне қосылғанын білгенде бастартуыма тура келді. Себебі, менің ұстанып отырған дініме бұл қайшылық туғызады. Менің аудан басшылығына ешбір өкпем жоқ», – деп хатты өз қолымен жазған.
Осы орайда, бізге үйін сатып жатқан Батыржан Нұрғалиевпен де тілдесудің сәтті түсті.
– Мен барлық сөзді растаймын. Айнаш менің үйімді әкімдік арқылы сатып алмақ болып хабарласты. Келіп көрді. Кейін нақты уәдеге келгенде ол менің баспанамдағы жылу жүйесін кесіп тастап, от жағып отырам дегенді шығарды. Мен оған келіспедім. Себебі, ол өзінің басқа дінде екенін айтқанда менің ойымда ертең жылудан ажыратып тастасам кім сатып алады деген сұрақ тұрды, – дейді үй иесі Батыржан.
Міне, осылай діни көзқарасқа байланысты ананың ұстанымынан, балалары зардап шегуі мүмкін. Баспанасы апаттық жағдайда тұрған отбасы ертең жаман айтпай, жақсы жоқ үйіндінің астында қалса жауап кіммнен болмақ. Бұл талайға ой салар деп үміттенеміз.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77