Медиаторларға қолдау болмақ

Медиаторларға қолдау болмақ

Комментарии к записи Медиаторларға қолдау болмақ отключены

Келер жылғы форумға өңірімізден делегаттар қатысады

Қостанайда «әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін медиацияны қолдану»  жөнінде дөңгелек үстелі және аймақтағы кәсіби емес медиаторларға арналған семинар-тренинг өткізілді.

– Осылайша, Қостанай облысының Ассоциация медиаторлары «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға өз үлесін қоспақ, онда дауларды шешуден тыс мекемелерді дамыту қарастырылған.

– Біздің дөңгелек үстелде кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың өтініштері мен ұсыныстарын қарап талқылаймыз. Біз семинар тренингке 5 делегатты сайлап таңдап алатын боламыз. Келер жылдың қараша айында өтетін аймақтық форумға  Қостанай қаласының атынан қатысатын болады,–дейді  Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығының президенті Сергей Богатырев.

Сұрақ жуап  алаңы тәжірибе алмасу мен аймақтағы кәсіби емес медиаторлардың жұмысына көзқарасты талдауға жол  беретін тамаша мүмкіндік болды деп санайды.

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады. Елімізде медиация туралы заң 2011 жылы  қабылданды.

Өз тілшіміз

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись