COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

115384

Выздоровевших

129213

Зарегистрированных случаев

5050

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Новости

Мектеп оқушылары «Қобыланды батыр» эпосын жатқа айтты

Облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылды

Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «Qazaq epos» ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Байқауға қатысушылар Марабай эпосының нұсқасында «Қобыланды батыр» эпосын жатқа айтты. Осыдан бөлек тағы да екі кезеңнен өтті. Оқушыларға әдебиттен сұрақтар қойылды, сондай-ақ, эпоста фразеологизмдерді, қанатты сөздерді анықтап, көне тарихи сөздердің мәні мен мағынасын түсіндіріп берді.

Бұл байқау алдымен ауыл, аудандарда өткен. Міне, аудандық деңгейден іріктеліп, алғашқы орын алған шәкірттер облыстық байқауға қатысуға келді.

– Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Qazaq epos» ағартушылық жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өткізілуде. Негізі, жалпы еліміз бойынша үшінші жыл өтуде, біздің облыста алғшқы рет ұйымдастырылды. Аймақтың 15 ауданы мен 5 қаласынан іріктеліп, осы байқауға 20 оқушы қатысып отыр. Байқаудың сыйақысы қомақты. Айталық, бірінші орын үшін 150 мың теңге, екінші орны үшін 100 мың теңге, үшінші орынға 50 мың теңге тағайындалып отыр. Бұл іс-шара әдебиетіміздің жаңғырып, Батырлар жырының ұмыт қалмауына септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді облыстық білім басқармасының мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтау бөлімінің басшысы Нұржан Оразғалиұлы.

Сонымен қатар, бөлім басшысының айтуынша оқушыларды дайындаған ұстаздар да елеусіз қалмайды. Алғашқы орын алған оқушының ұстазына 200 мың теңге, екіншісіне 150 мың теңге, үшінші орын алған оқушының тәлімгеріне 100 мың теңге сыйақы берілетін болады.

Оқушыларды қазылар-алқасы саралап, тапсырмаларға жауап берген деңгейіне қарай жүйрігін таңдап алатын болады.

– Байқауға дайындалуға екі жылдау уақыт кетті жесем болады. Өйткені, сол кезден бастап «Қобыланды батыр» эпосын жаттап жүрдім. Мектепте жүргенде мұғалімім көмектесті, үйге келгенде анам жәрдем берді, – деді Жангелдин ауданынан келген қатысушы Дәулет Қапаров.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77