Новости

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Өзге ұлт өкілдерінің арасында өткен байқау осылай аталды

Бүгін Ұлттық ұланның Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл-менің тілім» деп аталған байқау болып өтті. Оған 4 өзге ұлт өкілі қатысты.

Олар аға сержант Сергей Абросимов, қатардағы жауынгер Антон Курбанов,  Евгений Захаров пен Владимир Шиманюк. Қазақ тілінде сөйлеп, бір кісідей түсінетін байқау қатысушылары «Бастау», «Өрлеу», «Баяндау» айналымдарында бақ сынады.

 

 

 

 

Бірінші олар өздерін жиналған көпшілікке таныстырса, кейінгі «Өрлеу» номинациясы бойынша патриоттық тақырыпта мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жатқа айтып жарысты.

Үшінші баяндау айналымында олар патриоттық тақырыпта еліміздің Ата заңы, ұлттық нақыштары жайында баянадама жасады. Атылмыш байқауға қатысқан әскерилердің дайындығы бірден байқалып тұрды. Олар қазақ тілінде сөз саптап, ойларын көпшілікке жеткізе білді.

Сондай-ақ олардың бойынан мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет те байқалды.

Байқау болған соң, жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, әділ қазылардың шешімімен Антон Курбанов бірінші орынды қанжығасына байлады. Екінші орынды Сергей Абросимов жеңіп алды. Ал үшінші орынды Владимир Шиманюк иеленді.

Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77