COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106310

Выздоровевших

111953

Зарегистрированных случаев

3628

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Новости

Мерейлі мерейтой

Жолбарыс қажы Баязид 85 жаста

Қостанай қаласының Құрметті азаматы, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс қажы Баязидтің 85 жылдық мерейтойының салтанатты кеші өтеді.

Кеш 2019 жылдың 7 маусымында облыстық филармонияда сағат 15.00-де басталады.

Жолбрыс Баязид 1934 жылы 6 мамырда Қостанай облысы, Меңдіғара ауданының «Үлгілі» ұжымшарында дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1968 жылы Алматыдағы екі жылдық жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастап, ұзақ жылдар бойы Қостанай облыстық газетінде, радиосында, Жангелдин аудандық газетінде, облыстық мәдениет басқармасында, облыстық телерадио компаниясында жауапты қызметтер атқарған. Өлеңдері 1976 жылдан бері облыстық, республикалық газетжурналдарда үзбей жарияланып келеді. «Бақытымның бұлағы», «Жыр ғұмыр», «Жыр дүние», «Жыр мен сыр», «Махаббат оты сөнбейді», «Ақиқаттың ақ шыңы» атты өлең кітаптары жарық көрген.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77