Новости

«Облыстық көркемөнерпаздар xалық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК байқау жариялайды

«Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыстық «Үздік ауылдық клубы» байқауы өз жұмысын2019 жылдың 28 мамыр күнібастаған болатын

Мақсаты – ауылдық мәдени обьектілерінің әлеуметтік мәртебесін көтеру және сақтау, сонымен қатар, шығармашылық ұжымдарын көпшілікке таныту.

Байқауды бірінші болып, Қарабалық ауданы мәдениет үйінің Станциондық ауылдық Мәдениет үйі және Федоров ауданы мәдениет үйінің Село лесное ауылдық клубы бастады.

Облыстық көркемөнерпаздар xалық шығармашылығы бөлімінің басшысы – Башыбаев Жұмат Қабденұлы бастаған қазылар алқасы, ауылдық мәдени мекемелерінің шығармашылық ұжымдарымен, құжаттама жұмыстарымен, мекеменің жалпы жағдайымен танысып қайтты.

Ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары, ауыл қарияларының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жоғарғы деңгейде өтті.

Бағдарлама барысында – би ұжымдары, жеке орындаушылар, әжелер ансамблі, инструменталдық ансамблі, көркем сөз шебері, театрландырылған қойылымдары ұсынылды.

Жерлестерінің игілігі үшін еңбек етіп жүрген жандар, ауыл басшыларының да қолдауы орасан зор екендігін атап өтті.

Сералы МЫРЗАБАЙ

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77