Отбасы – басты құндылық екенін жастар білу қажет
Отбасы арасында ғана адам әлеуметтік рөлдерге бейімделіп, өзін – өзі ұстауды үйренеді, білімнің негізін алады. Осыған байланысты, қазіргі заманғы қоғамының белді мәселесі – неке бұзулардың өсуі болып табылады.
Атап кететін жайт, республика төңірегіндегі статистикаға сүйінсек Қостанай облысы неке бұзу саны бойынша алғашқы болып келеді, әр екінші неке, бұзумен аяқталады.
– Өткен жылдардың статистикасына жүгінсек, 2007 жылдан тіркелген некелер саны 14 %,азайып, ал неке бұзу фактілері 16,5% көбейген. Неке бұзу саны неке қию санына қарағанда өсу тенденциясы байқалады осылай, 2007 жылы некелері бұзылғандардың саны 39,7% болса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 55,5% ұлғайған. Мысалға Оңтүстік Қазақстан облысында аталмыш көрсеткіш 23% ғана құрап тұр, – дейді Қостанай облысы Әділет департаментінің АХАЖ және апостиль мониторингі бөлімінің басшысы Гульмира Мусина.
Егер де ерлі-зайптыларда кәмелеттік жасқа толмаған балалар, жұбайлардың біреуі неке бұзумен келіспеген, немесе бір-біріне мүліктік не басқа талаптар бар болған жағдайда, неке бұзу сот шешімі негізінде рәсімделеді. Осылай. 2016 жылы некелері бұзылғандардың 83%, ағымдағы жылғы 1 тоқсанда 82,7% сотқа жүгіну арқылы өз мәселелерін шешкен.
Қостанай облысының Статистика департаментінің мәліметіне жүгінсек, жас-жұбайлардың 3,3% отбасы өмірінің 1 жылына да шыдамайды. 2015 жылы арыз берген жұбайлар 1-3 жыл арасында ғана отасып, жалпы некелері бұзылғандар санының 25,7% құраған. Отбасы өмірінің белгілі бір өтілі бар жұбайлар арасындағы әр төртінші неке бұзылады.
– Неке бұзу бойынша келесі топ, ол 5 жылдан 9 жылға дейін отасқандардың 25%, ал 20 жылдан және одан да көп бірге тұрғандардың 18,5% ажырасуға өтініш білдіреді. Ажырасқандардың көбі 30 – 34 және 25 – 29 жас аралығындағылар, – дейді Гульмира Жақсылыққызы.
Жас жұбайлардың отбасы өміріндегі бірқатар мәселелерді шешуде қиындыққа тап болады. Олар отбасы өмірінде бір-біріне сәтсіз бейімделу, қолайсыз материалдық жағдай, бала туу, жастардық ата-аналармен тіл табыспауы, олардан қаржылық жағынан тәуелді болуы, некеге психологиялық тұрғыдан дайын болмауы, өзінің тұрғын үйінің жоқтығы және келешекте оны алудың шамалары жоқтығы және өзге.
– Жас жұбайлар отбасы бюджетін бақылап, жоспарлай алмайды, отбасы өмірінің кейбір қиыншылықтар мен негізгі мәселелерін білмейді, балаларды тәрбиелеудегі келіспеушіліктерге тап болады, туыстармен қарым –қатынас, сонымен қатар, әр түрлі діни және саяси көзқарастар сияқты мәселелерді жеңе алмайды. Осыдан туындаған мәселелерді өзара шешуге дайын болмайды. Некеліктің бастапқы кезеңінде 1 жылдан 5 жылға дейін, отбасы өмірінде түсінушілік пен келісімге келу өте қиын, жас жұбайлар бірінші отбасылық-тұрмыстық мәселелермен кездеседі. АХАТ органдарының қызметкерлері атап өткендей, аудандарда жастардың қатысуына арналған орындардың жоқтығы да себеп болады, – дейді Гульмира Мусина.
Отбасын қалай құтқарамыз – бүгінгі күннің ең жиі қойылатын сұрағы. Ол мәселе бүгінде өзекті, өйткені әр екінші жұп ажырасады. Қазіргі заманғы өмірде отбасын сақтау қиынға соқты. Жастар арасынан «отбасын сақтағым келеді, не істеу қажет?» деген сұрақ жиі естуге болады. Гульмира Мусина аталмыш саланың мәселесін жақсарту мақсатында бірқатар ұсыныстар ұсынды.
Олар, жұбайлар арасында конфликтік мәселелерді шешу үшін сотқа дейінгі институттарды құру. Неке бұзуға арыз берген отбасылармен жұмыс жасайтын психологиялық кеңес беру қызметін құру, неке бұзу туралы шешімді жұптардың психологтарға барғаннан кейін ғана шығару қажет. Сонымен қатар, аталмыш жұмысқа отбасылық дауды шешу және медиацияда жас отбасыларға мамандырылған көмек көрсету үшін үкіметтік емес ұйымдардан мамандарды тарту қажет деп санаймыз. Отбасын сақтаудағы шешімнің бір жолы ретінде, психологиялық институттарды, клубтарды құру болып табылады. Онда жас жұбайлар отбасылық өмірдің алғашқы қиындықтарымен жүгініп, біліктілігі жоғары мамандар әр жұппен жеке жұмыс жасап, отбасылық өмірдің жағымды және жағымсыз жайттарын анықтайтын болады. Азаматтардың қызығушылықтары мен жақсы қорытындыларға ие үлгілерді қолдану. Мысалға, отбасын сақтауға мүмкіндік туғызатын «Жас отбасылар клубын» жандандыру. Әкімдер аппаратының ақпаратына жүгінсек, «Отбасыда төзімділік сұрақтары бойынша аналар қауымы» комитеті құрылуда. Толық және берекелі отбасылардың абыройын көтеру, әкелердің отбасы өміріне белсене қатысудың маңыздылығын атап өту қажет. Осылай, Қазақстанда Отбасы күнін тойлауы отбасы және неке институтын нығайтуға көмектесіп, қоғамда рухани адамгершілікке шақырады. Әлеуметтік жарнаманы құру мен дамыту, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кемсітуіне жол бермеу, қиын-қыстау жағдайлардағы отбасылардың мәселелерін, сонымен қатар, әлемдік тәжірибеде аталмыш мәселелердің қалай шешілетінін БАҚ жариялау.
Мәселенің өзектілігін ескере отырып, неке бұзуды алдын алу бойынша міндеттерді орындау және отбасылық құндылықтарды сақтауға тұрақты бақылауға алған жөн.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77