Новости

Қостанай қалалық мешітінде Бас имам «Мешіт – имандылық ұясы» тақырыбында уағыз оқыды

Онда жиналған қауым өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Мешіт – имандылық ұясы» тақырыбында уағыз айтты.

Белгілі дін қайраткері өзінің шешендігімен, жан-жақты білімімен жиналған қауымның назарын өзіне аударды.

Уағыз барысында ол «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деп Пайғамбарымыздың айтқандарынан мысал келтіре отырып, мәнді де мағына уағыз оқыды. Сондай-ақ мұнда жиналғандарға Бас имам Қостанай облысының аудан, қала, ауыл-аймақтарда ораласқан мешіттер санын баяндап, оларды мешіті жоқ аудан-ауылдарға жұдырықтай жұмыла мешіт салуда атсалысуға шақырды.

Облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуына қарағанда, осындай уағыздардың мұсылман қауымға берері мол. Өңіріміздің Бас имамының уағызына жиналған жамағат оған өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Сонымен қатар дінімізде мұсылманның алдына қойылған міндеттермен етене танысты. Мұндай уағыздардың қала тұрғындар арасында жиі өткізіліп тұрғаны абзал.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77