Жалпы облыс бойынша 562 бос орын біргігі бар
Қаламызға жақын орналасқан Федоров, Қарабалық және Бейімбет Майлин аудандарында мамандар жетіспейді. Мамандардың көбі облыс орталығына шоғырланған.
Бұл туралы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Асхат Искендіров мәлімдеді.
Облыс қалалары мен аудандарында 734 Мемлекеттік орган жұмыс істейді, олардың штат саны 6 254 бірлікті құрайды, нақты 5 692 адам, бос орындар саны 562 бірлік.
– Қазір біз бюджеттің төртінші деңгейін жүзеге асырып жатырмыз, соның – арқасында ауылдық округтердің әкімдіктері бюджет пен салық базасын дербес құра алады. Енді сол аудан, ауылдық жерлерде қызмет ететін экономист, қаржыгерр, заңгер сияқты мамандар қажет. Мұны шешу үшін бірнеше шаралар қабылданды. Біріншіден, мемлекеттік қызметшілерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізу туралы Заң Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында қаралуда. Сонда адамдар аймақтарға барғанда бірқатар жеңілдіктерге ие болады – жеңілдетілген несиелер және тағы басқа көмектер алатын болады. Екіншіден, біз университеттермен жұмыс жасаймыз. «Мемлекеттік қызмет мектебін» аштық, оның барысында студенттермен дәріс өткіземіз. Біз болашақ талапкерлердің осылай негізін қалыптастырамыз. Мемлекеттік қызмет дегеніміз де есепші немесе мұғалім мамандығы тәрізді. Атап өтерлігі мансаптық өсу де бар, – деді Асхат Искендіров.
Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңес 13 отырыста 61 мәселені қарады, оның ішінде 41-і мемлекеттік қызмет саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге бағытталған.
– Қарау қорытындысы бойынша 20 тәртіп бұзушылық жауапкершілікке 18 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 3-і атқаратын лауазымынан босатылды, 1 тұлғаның лауазымы төмендетілді, 7-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, – деді департамент басшысы.
Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау бойынша бақылауды жүзеге асыру заңнама талаптарын сақтау қызмет шеңберінде Департамент қызметкерлері арасында сауалнама, талдаулар мен монторингтер ұдайы жүргізеді.
– Атап айтқанда, Департамент жүргізген жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге еңбек өтілінің дұрыс есептелмеуіне байланысты жалақы бойынша 1 млн 200 мың теңгеден астам, іссапар шығындары 300 мың теңгеден астам қайтарылды. Департамент мемлекеттік органдардың дискомиссияларымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің еңбек атқару тәртібін сақтауын қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді, – деді Асхат Искендіров.
Өткен жылы 393 Мемлекеттік қызмет түрі бойынша 10,7 млн қызмет көрсетілген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77