Новости

Психотроптық және есірткі заттарын қолданудың алдын алу және ЖИТС-ке қарсы күрес тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Онда жиналғандарға психотроптық заттарды қолданудан болатын зиян жөнінде егжей-тегжейлі сипаттайтын жадынамалар, парақшалар таратылды

«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ мәжіліс залында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында «психотроптық және есірткі заттарын қолданудың алдын алу және ЖИТС-ке қарсы күрес» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» арнайы маман Динара Есентаева Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы КМҚК маманы, аса қауіпті аурулардың үйлестірушісі. Нағима Ташетова Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы. Дөңгелек үстел төрағасы ретінде «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Полончук сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел» барысында қызметкерлермен, дәрігерлермен «Есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін әсері», «психотроптық заттарды қолданудан болатын зиян» тақырыптарына бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында барлық қызметкерлерге көрнекі құралдар ретінде есірткі және психотроптық заттарды қолданудан болатын зиян жөнінде егжей-тегжейлі сипаттайтын жадынамалар, парақшалар ұсынылды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77