COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

105385

Выздоровевших

109907

Зарегистрированных случаев

3562

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1796

Летальных случаев

Новости

Сана мен сезім үйлесіп…

Өнердің міндеті адамның жан сезімін ісі арқылы ашып беру

Мүсін өнері арқылы шебер өз туындыларында құбылыстың сырт пішінімен қатар, ішкі жан дүниесін де жеткізе біледі. Бейнеге зейінмен қарап, оның ерекшелігін аңғарып, халықтың тұрмыс-салтын ұлттық мінезімен ұштастыра отырып бейнелеу шын шебердің ғана қолынан келетін іс.

Осынау өнерді өмірімен байланыстырған хас шеберлер өңіріміздің ажарын ашқан туындыларды сыйлады. Тобыл-Торғай өңіріне танымал мүсінші, ағаш шебері Мұхаметқали Тоқтарбайұлы да солардың қатарынан.

Бүгінде оның қолынан шыққан туындылар қаламызға көрік беріп тұр. Ұлттық нақышта жасалған түрлі мүсіндер тек қала ішінде ғана емес, аудан орталықтарында да орнатылған.

Кейіпкеріміз 30 жылдан астам уақыт бойына осы салада еңбек етіп келеді. 1987 жылы Алматыдағы жоғарғы оқу орынын тәмамдаған Мұқаметқали Рахалиев, өмірін шеберлік өнерге арнаған.

– Осы уақытқа дейін ағаш шебері ретінде, домбыра, қобыз, бесік, күбі, ағаш ыдыстар және өзге қазақтың күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті жабдықтарды жасадым. Ал, кейінгі 8 жылымда мүсін жасауды қолға алдым – дейді мүсін шебері.

Мұхаметқали Рахалиев өңірімізге көрік берген 30-дан аса мүсіннің авторы.  Жігітке жеті өнер де аз деген тәмсілді терең түсінген азамат, қолөнермен қатар, мәдениет, руханият, ұлт қазынасы тақырыптарында мақалалар да жазып, газет беттерінде үнемі жариялап тұрады.

– Мақсат – қазақтың бабадан жалғасып келе жатқан өнерін насихаттау. Жасыратыны жоқ бүгінгі жастар рухани құндылықтырымыздан шет қалып жатыр. Осы жаныма батады. Бір ғана мысал, біз өзіміздің ұлттық нақыштағы киімдеріміздің өзін мереке қарсаңында  ғана киеміз. Ал оны өзіміздің күнделікті өмірлік тұрмысымызда әрдайым киіп жүрсек несі айып? Менінше, өте ыңғайлы әрі жарасымды. Сондықтан өзгенің тарапынан күтпей, біз, аға буын жас ұрпақ санасына осыны жеткізуіміз қажет. Сол себепті де, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға өз үлесімді қосып жүрген жайым бар, – дейді Мұхқаметқали Тоқтарбайұлы.

Бүгінде шебердің осы саладағы кәсіби және өмірлік тәжірбиелері негізінде жазылған «Суретім менің – Құдіретім» атты кітабы бар. Мұхаметқали Рахалиев қазіргі таңда қазақы бұйымдардың тарихын және ерекшелігін баян ететін жаңа еңбекті жарыққа шығару бойынша жұмыс жасап жатыр. Толық білмейтін, жан-жақты зерттелмеген ұлттық байылықтармыз туралы кітаптың жастарға берері мол болмақ.

Сондай-ақ, ол шет елдерге шығып, өзге шеберлермен жиі тәжірбие алмасып тұрады. Бұл бағытта Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған халықаралық мұсылман елдері арасындағы көрмеге 40 күн қатынасып, ұлттық мұрамыздан сыр шертетін туындыларды шетелдіктер назарына ұсынған болатын.

Мұхаметқали Рахалиев қазіргі таңда мүсін жасау ісіне аса ден қойған. Оның қолынан шыққан, шаһарымызға ерекше көрік берген туындылардың  бірі – Қостанайға кіре берісте тас тұғырға орнатылған «Қобыз» мүсіні.

Қобыз қазақта тарихында бағзыдан келе жатқан музыкалық аспап. Көне қобыз аспабы, аңыздарға сәйкес, науқастарды дертінен айықтырған деседі. Әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыка терапия деп айтады. Қазақша «аспап үнімен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, ауруды киелі аспап әуенімен дертінен айықтырған деректер, әлемдік медицинада қоданатын музыка терапияның қазақ даласында дамығанын көрсетеді.

Сонымен қатар, қаламызда орнатылған «Қос-Тана» мүсіні де шебердің туындысы. Шаһар атауы Қостанай болғанымен, оның негізі атауының пайда болғаны жөнінде көптеген әпсаналық әңгімелер бар. Солардың бірі – Тобыл жағалауында мекен еткен қарияның, енді бір деректе жесір әйелдің Тана есімді егіз қыздарынан айырылып, олардың бейітін «Қос-Тана» деп аталғанынан алынуы мүмкін деген мәліметтер де кезедеседі.

– Бірінші жасаған жұмысым «Қос-Тана» мүсіні. Оны әркім әрқалай айтады. Маған ол осы уақытқа дейін қазақтың екі қызының есімі негізндегі аңыз болып жетті, – дейді Мұхаметқали шебер.

Бұдан бөлек, Әулиекөл ауданында орнатылған «Бүркіт» мүсініде де халықтың көңілінен шыққан сияқты. Оған дәлел, жолауылардың басым бөлігі сол жерге аялдап, естелікке суретке түсіп жататындығы. Бұл да болса өнердің бағаланғандығы әрі қызығушылықтың артқандығы.

Дегенмен, соңғы уақытта Мұхаметқали Тоқтарбайұлының туындыларын өзге азаматтар өзінінің жеке туындысы ретінде ұсынып жүрген көрінеді.

– Менің жасаған мүсіндерімді өзге біреулер өздері жасаған жұмыс ретінде көрсетіп жүр. Бұрын мүсінге есімімді қашап жазбайтынмын, соңғы жасағандарыма жазып жүрмін, – дейді ол.

Қостанайдағы Нұр-Отан кеңсесі алдындағы ту мен біріккен шаңырақ, «Тобыл» станциясындағы асық мүсіні, Камышиндегі арлан қасқыр бейнесі, Қашар кентіндегі ат пен қанатты барыс тағы көптеген мүсіндер шебердің өз қолынан шыққан туындылар.

 Сералы МЫРЗАБАЙ

 Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77