COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101822

Выздоровевших

107199

Зарегистрированных случаев

3461

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

Новости

Смартфондар бала денсаулығына өте зиян

Ұрпағымыздың болашағын бүгін ойлайық

Техника бір орында тұрмай күннен-күнге дамып жатқан заманда еңбектеген баладан егде жастағы қарияға дейін смортфонға үңіліп отыратын болды. Бұл заман талабы ма әлде, қазіргі тәрбие солай болып бара ма.

Жалпы, осы смартфондар арқылы алыс-жақын ағайындармен сөйлесіп, оларды видео камера арқылы көріп, сағынышыңды басатының да белгілі.        Бірақ, оған аса тәуелді болу денсаулығыңыздың нащарлауына алып соғып жатады.

Мұны бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан бүгін смартфонның баланың денсаулығына қаншалықты қауіпті екеніне тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

Шын мәнінде смартфондар мен планшеттерден таралатын күлгін сәуленің зияны өте көп деп денсаулық сақтау министрлігі дабыл қағуда. Қазіргі таңда смартфондар мен планшеттерге үйір балалар саны артуды. Қай отбасына бармасаңызда қолдарына смартфон алып, мультик қарап жүрген баланы көресіз.

Қоғамда балаларды смартфондардан алшақтату керектігі көп көтеріліп жүр. Бірақ сол әлі күнге дейін жүзеге толық аспай қалуда.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша смартфонға тәуелді баланың ми құрылысының дамуы баяулайды, маңайындағы жандарды қабылдауы өзгереді, жалпы дамуы, сөйлеу қабілеті, есте сақтау қабілеті бәсеңдейді, белсенділігі жойылады.

Сондай-ақ салмағы азайып, арқасы, белі ауырып, есту қабілеті ауырлап, ұйқысы нашарлайды.

Міне, денсаулығына осындай зиян тиген бала ашуланшақ, бірбеткей адам тыңдамайтын болып шығады. Оның сыртында денсаулығы сыр беріп, кішкентайынан ем қабылдап, дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінеді.

Бұл біріншіден ел болашағына айналар жастарды бүгіннен дені сау етіп қалыптастыруымыз керектігін еске салады. Сондықтан балаңыздың смартфон қарайтын уақытын шектегеніңіз дұрыс. Болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеймін деген отбасы бүгіннен бастап баланың телефонға тәуелділігін жою қажет.

Балаларынның бос уақыттарын көбірек таза ауада, достарымен доп ойнап, алтыбақанда тербеліп, өздеріне үнайтын үйірмелерге қатысып мәнді де мағыналы өткізуін жіті қадағалауларына алғандары жөн.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет ғаламтор желісінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77