«БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» әдістемелік онлайн-семинар өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 25 қыркүйекте «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Осы онлайн-семинарға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік уинверситетінің журналистика мамандығының оқытушылары және студенттері, сонымен қатар, тіл басқармасының мамандары, жергілікті БАҚ өкілдері қатынасты.
Кез келген елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше орын алатыны белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуында да БАҚ рөлінің айрықша екендігі анық.
Осы орайда республикалық БАҚ өкілдері, белгілі лингвист-ғалымдар, журналистер бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде қолданылатын терминдердің табиғаты мен ерекшеліктері, мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы, БАҚ тілі категориясы мен тәжірибесінің сәйкестілігі мәселелеріне талқылау жүргізді.
Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы Қайнар Олжай Қалиақпарұлы (Нұр-Сұлтан), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы (Нұр-Сұлтан), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Медеубек Сағатбек Медеубекұлы (Алматы), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Әділова Алмагүл Советқызы (Қарағанды), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Қарағұлова Балкенже Сағидуллақызы (Ақтөбе), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Шурентаев Амангелді Мейрамұлы (Қостанай) баяндама жасап, БАҚ кеңістігінің қордаланған мәселелері төңірегінде ой өрбітті.
Қостанай өңірінен тікелей желіге шығып, баяндама жасаған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Шурентаев Амангелді Мейрамұлы қаламыздағы сыртқы жарнамалардың қазақ тілдегі нұсқасының қатесінен аяқ алып жүре алмайтындығын жеткізді.
– Қазіргі уақытта көшеге шыға қалсаңыз міндетті түрде сыртқы жарнамаларды көресіз. Бір өкініштісі, әсіресе қазақ тіліндегі жарнамалардағы орфографиялық, стилистикалық қателердің көп болуы. Кейбір уақытта дұрыс аударма жасалмағанын да аңғарамыз. Ондай қате кеткен кезде берілген сөйлемнің де мағынасы өзгеріп, адамға түсініксіз болады. Ал жекеменшік нысандардың атаулары мен сыртқы жарнамалары орыс тілінен мемлекеттік тілге сөзбе-сөз, шала-шарпы аударылып, мағынасы өзгерген сөз тіркестері мен грамматикалық қателер өріп жүр. Кейбір нысандар мүлдем қазақ әріптерін қолданбайды. Яғни, заң талаптарына сай жазылмайды. Сонымен қатар, ең басты мәселе – аударма. Екіншіден, сөздер мен терминдерді дұрыс қолданбау мәселесі, – деді өз сөзінде Амангелді Мейрамұлы.
Ол кісі өзінің баяндамасы барысында жарнама тілін сауаттандыру үшін өзіндік жоспарын дайындап, ұсынды.
– Осындай келеңсіздіктерді ескере отырып, сіздердің назарларыңызға арнайы әзірлеген «Сауатты жарнама» атты жобамды ұсынамын. Қызмет сипаттамасы. Аталмыш орталық өз қызметін мынадай бағыттарда жүзеге асырады; орыс тіліндегі жарнамаларды сауатты аудару; мемлекттік тілдегі жарнамалардың қатесін дұрыстау; жарнама макеттерін жасау (копирайтер қызметі); қазақша-орысша және орысша-қазақша электрондық және басқа да сөздіктерді дайындау, сату (мини-shop). Қызметтің жалпы мінездемесі: жұмыс жасау барысында жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану. Жоғары білімді және тіл білімі саласында тәжірибесі мол мамандарды қызметке тарту. Қосымша қызмет көрсету және кеңес беру қызметтері де жоспарланған, ол қаламыздағы бірнеше жарнама агенттіктерімен серіктестік. Нарықтық талдау, бәсекелестік. Қостанай қаласында жарнама қызметімен айналысатын бірнеше агенттіктер бар. Бірақ оның барлығы дерлік орыс тілінде қызмет көрсетеді. Ал қазақша қызмет көрсету бір сөзбен айтқанда мүлдем жоқ. Салыстырма үшін, Алматыдағы 200-ден астам жарнама агенттіктерінің бірде-біреуі қазақ тілінде жарнама жасамайды. Тек аудармамен айналысады, оның өзі де сауатсыз.
Біздің ұсынып отырған «Сауатты жарнама» қызмет көрсету орталығы жеке және заңды тұлғаларға жеке-жеке қызмет жасайды. Бұл орталықтың бәсекелестерден артықшылығы: қазақ тіліндегі барлық қызметтер түрін көрсету мүмкіндігі; қызығушылықтың артықшылығы; қаланың барлық жарнама агенттіктерімен байланыстығы; БАҚ-пен келісім-шарт арқылы жұмыс жасау, – деді Амангелді Мейрамұлы.
Онлайн-семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін болады дейді ұйымдастырушылар.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77