Новости

Тағылымы мол жастар форумы болып өтті

Онда жастарға рухани азық болар тәрбиелік мәні зор насихаттар айтылды

Арқалық қаласында «Жастар-Азаматтық бастамалар» орталығының тікелей ұйымдастыруымен, дін қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Зайырлы қоғамдағы жастардың рөлі» атты аймақтық жастар форумын өткізді.

Форумның негізгі мақсаты – жастардың қоғамдағы рөлін нығайту, діни сауаттылықтарын арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын бойына сіңіру. Ұлтаралық татулықты ту еткен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндіру. Жастардың діндегі рөлін айқындау.

Аталмыш форумға Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілі, Бас имам Б.Н. Тәжімбет, Арқалық қаласының Бас имамы Б.Т. Уалиев, қала әкімі Қ.Т. Әбішов, «Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ бас маманы С.Әбдиев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері М.О.Тазабеков, «Қостанай облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мамандары және оңтүстік өңірдің аудан жастары, қаланың құрметті азаматтары және аймақтық аудан және ауыл имамдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында жастарға рухани азық болар, тәлім-тәрбиелік әңгімелер, тұшымды насихаттар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ теологтар мен имамдарымыз секциялық жұмыстар жүргізіп, қаладағы көпсалалы, медициналық, гуманитарлық колледждерде және Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институт студенттерімен кездесулер өтті.

Аталмыш шарада облыстың өкілі, Бас имам Бақытбек қажы Нұрғабылұлы, қазіргі қоғамдағы негізсіз ақпаратты айтпау  және оны таратпау туралы айтып өтсе. Қаланың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы «Жат діни ағымдардан жастарды сақтандырудың жолдары және заңдық шектеулер» тақырыбы аясында әңгіме өрбітті.

Жастар орталығымен тығыз қарым-қатынаста қызмет жасап жаүрген қала имамы Бектұрсын Уәлиев өз сөзінде:

– Жастар еліміздің ертеңгі болашағы, бүгінгі жастар осындай кездесулерден өздеріне ой түйіп, өмірлік бағыттарын дұрыс таңдай білсе, келешегіміз кемел боларына үміттіміз.  Жалындаған жастарымыздың парызы ол – егемен еліміздің абыройын асқақтатып, Алла нәсіп еткен мол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, жемісті нәтижелерге қол жеткізу, Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлес қосу, – деді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77