Новости

«Таза қалаға – таза жарнама» акциясы өтті

Онда «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері соңғы уақытта қазақ тіліндегі жарнамалардың қатесі азайғанын байқаған

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қостанай қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары бірлесіп «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыс орталығында «Таза қалаға – таза жарнама» акциясын өткізді.

Шара барысында, көрнекі ақпарат құралдары мәтіндерінің «ҚР тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдар талаптары сәйкестігіне мониторинг жүргізілді.

Акцияға қатысушылар екі топқа бөлініп, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы жарнамаларға ерекше назар аударып, қатесін тексерді.

Сондай-ақ қазіргі әдеби қазақ тілінің көрнекі ақпарат құралдарында тиісті түрде қолданылуын бақылауды жүзеге асыру, қоғамдағы тіл мәдениетін көтеру мақсаттары көзделіп, жарнама өнімдерін орналастыру бойынша 20 шағын, орта бизнес өкілдеріне практикалық көмек көрсетілді және 30-дан астам ұсыным-хаттар табысталды.

Сонымен қатар, «Тепломонтаж» ЖШС, Назарбаев д-лы, 38, «Автозаказ» салоны, Назарбаев д-лы, 34, 36 және тіл туралы заңнама талаптарын сақтауға жауапсыз қарайтын бизнес өкілдері «Itcomp» салоны, Қайырбеков к-сі, 177 мекен-жай бойынша орналасқан жеке кәсіп иелерінің бұрын өткізілген мониторингтер нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды уақтылы жойғаны белгілі болды.

Осы акцияның ұйымдастырушысы, аталмыш басқарманың бас маманы Айжан Садуақасованың айтуына қарағанда, жобаға қатысқан студенттер көшелердегі жарнаманың сауатты жазылуына ерекше көңіл бөлген. Сонымен қатар олар соңғы жылдары облыс орталығындағы жарнамалардың қателері айтарлықтай азайғанын байқаған. Қазақ тіліндегі жарнаманың әрдайым сауатты да қараған жанға тартымды болуы қажет деген ой-пікірін білдірген.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77