Жарты жыл сайын темекінің бағасы 20 теңгеге қымбаттап отырады
Елімізде темекі шегетіндердің санын азайту мақсатында табак өнімінің бағасын қымбаттату жүзеге асырылып жатыр.
Осыдан жарты жыл бұрын темекінің бір қорабы 380 теңге болған еді. Енді 1 шілдеден бастап, мемлекетіміздің барлық дүкендерінде темекінің бір қорабының ең төменгі бағасы 400 теңге болды.
Темекінің құрамындағы никотиннің адам денсаулығына зияны жайында көптеген басылым беттерін де жазылып та, телеарналардан көрсетіліп те келеді. Бірақ, соған қарамастан темекі шегетіндер саны айтарлықтай азаймай тұр. Өкінішке орай, соңғы кездері қоғамдық орныдарда темекі шегіп тұрған әйелдерді жиі көзіміз шалатын болды.
Бұл біріншіден ұлттың болашағы ұрпақты дүниеге әкелетін ағзаның уланып жатқандығын білдірсе керек. Еліміздің болашағы – дені сау ұрпақ екенін жадымыздан шығармағынымыз абзал.
Темекіге тәуелді жандардың санын азайту мақсатында әр жарты жыл сайын темекінің бағасы 20 теңгеге қымбаттап отырады. 2022 жылы темекінің бір қорабының ең төменгі бағасы 520 теңге жетеді.
Бұрын елімізде темекі 1 данадан сатылатын еді. Ол кездері қолындағы бар ұсақ ақшаға 1-2 дана темекі алып шегетіндер саны артып, үлкендер де жасөспірімдер де темекіге тәуелді болып кетті.
Бүгін де темекі 1 данадан сатылмайды, оған қоса оның бір қорабының бағасы қалтаға ауыр тиетіндей болды. Осылайша темекіге ақшасы жетпеген жағдайда темекіні шегуді шектейтін жандар қатары өседі деген үміт бар.
Денсаулық әркімнің өз қолында. Сондықтан кім де болса, темекіні қойып, денсаулығын күтуді кез-келген уақытта бастай алады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет ғаламтордан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77