COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101941

Выздоровевших

107307

Зарегистрированных случаев

3465

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

Новости

«Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама»

Әріптесіміз жүлдегер атанды

Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ драма театырының кіші залында, қазақ басылымдарының қара шаңырағы «Egemen Qazaqstan» газетінің жүз жылдық мерейтойына арналған облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отырған «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты мақалалар байқауының қорытындысы өтті.

Әдебиетіміздің алыптары саналатын, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Сәдуақасов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, беріден тартқанда Шерхан Мұртаза сынды қазақтың мықтылары іргетасын қалаған елдік басылым – Егеменге жүз жыл.

Ғасыр жасап отырған газеттің  шараны ұйымдастырудағы мақсаты – халық төрінен орын алған басылымның қазақ баспасөзіндегі орны мен мемлекеттік тілді насихаттаудағы рөліне баса назар аударып, басылымның халық арасында қазақ тілі әліпбиін латын негізді әліпбиге көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін дәріптеудегі ерекшелігіне тоқталу және қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына «Egemen Qazaqstan» газетінің қосқан өлшеусіз үлесін шығармаға арқау ету болып табылады. Байқау жабық түрде ұйымдастырылған болатын.

Бұл байқауға қатысуға тоғыз адам өтініш білдерген. Оның ішінде әріптесіміз «Біздің Қостанай» газетінің тілшісі Аякөз Қайратқызы да бар.

Ойым орамды журналистердің жұмыстарына, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Қостанай облысы бойынша меншік тілшісі, төрайым Жәрімбетова Нәзира Қыпшақбайқызы, Ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифұлы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы Марқабаева Гүлшат Тілеуқызы сынды қазылар бағасын берді.

Нәтижесінде, «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты мақалалар байқауында әріптесіміз Кәкімжанова Аякөз Қайратқызы  жүлделі ІІІ орынға ие болып, дипломмен және ақшалай 50 мың теңге сыйлықпен марапатталды.

Қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында қалыптасты. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай газеттің әлеуметтік–қоғамдық өмір саласындағы алатын орны зор.

 «Egemen Qazaqstan» – Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Газеттің «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Социалистік жол» сияқты түрлі атаулармен шыққанынан халық хабардар.  Ел тәуелсіздік алған соң ғана 1993 жылы қазіргі атауға ие болды. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен «Egemen Qazaqstan» газеті қашанда Қазақстандағы алдыңғы қазақ тілді басылым болып келеді.

Өз тілшіміз

 Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77