Новости

“Тобылдың жағалауындағы қала” атты көрме өтеді

Онда Қостанай шаһарының тарихымен танысуға болады

Сүйікті шаһарымыз Қостанайдың 140 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар дайындалып жатыр. Осы ретте облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 9 тамыз күні қаламыздағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Киевский» филиалында «Тобылдың жағалауындағы қала» атты фото көрме ұйымдастырады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Айбике Қазыбаеваның айтуына қарағанда, мұнда Қостанай шаһарының ірге тасы қаланған сәтінен күні бүгінге дейінгі фото-суреттері қойылады. Сондай-ақ бұл көрмеден қазіргі күрделі жөндеуден өткен ғимараттардың осындан бірнеше жыл бұрын қандай болғанын да көруге болады.
Аталмыш көрмеге арнайы келіп, сүйікті шаһарымыздың тарихымен танысамын деушілерге есік ашық.

Қостанай күннен-күнге жайнап, құлпырып көздің жауын алады. Көп жылдар қатарынан ғұмыр кешіп жатқан шаһарымыздың көркіне көз тоймайды. Көшелері түзу де таза. Алда келе жатқан қала күні қарсаңында Шаһарымыз бұрынғыдан да ажарлана түскенін байқаймыз.

Қаламыздың 140 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар алдағы уақытта қарқын ала түспек. Сондай-ақ аталмыш музейдің ұйымдастыруымен тамыздың 23 күні «Сүйікті қалам» атты көрме де қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылатын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77