Новости

Әуежай жұмысы аяқталуға жақын

Қостанай әуежайында жасанды ұшу-қону жолағын қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ондағы жұмыстың басым бағыты қазіргі таңдағы әуе кемелерін пайдалануды, былайша айтқанда қолдануды қамтуды күшейтуге бағытталған.

Ұшу-қону жолағын жаңартуға, теміржолдарын қалыпқа келтіруге, жарықтандыру жабдықтарын жаңартуға, энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге, авиациялық және пааттыққұтқару құралдарымен қамтамасыз ету қарастырылған. Аэродром халықаралық стандартқа және «ICAO» тәжірбиесіне сәйкес келеді.

Ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, әуежай аэродромда Boeing 767-300, Boeing 767-200ER, Boeing 757-200/300, Airbus A310-300, TУ-154М, ТУ-204-200, Boeing 737-700/800/900, MD-81 типті ұшақтарды қабылдап, қызмет көрсете алады.

Қазіргі уақытта жалпы ауданы 1677 шаршы метрді құрайтын 5 өрт сөндіру машиналарына арналған құтқару құралдарының ауыр және орташа түріне арналған құтқару станциясының жұмысы жүріп жатыр. Бұл ғимарат ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кемелерінің маңызды объектілерін өрттен қорғауға арналған. мұнда өрт сөндіру бригадасы қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық аэродромдарының жұмыс істеуінің стандарттарына сәйкес келетін, қажет болған жағдайда, ең жақын нүктеге 3 минутта жететін болады.

Әуежайдың бүкіл аумағы үшін 328 шаршы метрді қамтыған электр энергиясын беретін орталық тарату пункті салынған. Оның қуаттылығы 1000 кВт болатын 2 трансформаторлар және 630 кВт күші үшін дизель генераторы бар. Батыстық қосалқы станциясынан әуежайға электр энергиясын жеткізу тоқтатылған жағдайда дизель генераторы 8 секунд ішінде автоматты түрде іске қосылады, бұл барлық әуежай жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Әуежай ғимараты алдында әуе кемелері тұрақтауы үшін 16326 шаршы метрлік тұрақ болмақ. Мұнда олар Boeing 767-300 үлгісіндегі кең кеңістіктегі үш кеңейтілген ұшаққа дейінгі ұшуды күтуге болады.

Рульдік жолдың ұзындығы 686 метрді қамтиды және ауданы 17 830 шаршы метрді құрайды. бұл тұрақтан ұшу-қону жолағына дейін тасымалдау уақытын қысқартуға мол мүмкіндік береді дейді «Казахдорстрой» Қостанай өңірі бойынша бөлімінің басшысы Михаил Михайлович.

– Қазіргі таңда қарқынды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ауа-райы қолайсыздық туғызбаса мерзімінен бұрын аяқтап қалуымыз мүмкін. Ұшу-қону жолағын салу және жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жұмыстар 2 ауысымда орындалып жатыр.  Асфальт қоспалары әуежай аумағында орналасқан 2 меншікті асфальтобетоннан жеткізіледі, – деді ол.

Жүргізіліп жатырған жұмыстарға 178 адам мен 100 ден астам техника бірлігі жұмылдырылған. Сондай-ақ, ABZ «AMMAN»  және ABZ «SPEKO» екі мердігерлер асфальтбетонды сағатына 160 тоннадан жеткізіп отырады. Қорға алынған жабдықтардан қиыршық тас – 240 116 тонна бұл жұмыстан 94 пайызы орындалса, битум жабдығынан 7000 тонна, «Hattelit» геоторшасы – 130 мың метрлік және жарық беру жабдығы тасымалданылып қойылған, бүгінде жүз пайызға дайын тұр.

Ал, негізгі жолақтың жалпы ұзындығы 2,8 шақырым. Жобаның жалпы құны 9 198 372 060 млрд теңгені құрап отыр. Былтырғы жылы 4 555 697 810 млрд теңге игерілген.  Осы 2019 жылға арналған жалпы қаржыландыру жоспарының құны 4 642 674 250 млрд теңге болмақ. Осы шілде айына жоспарланған іске асыру жұмыстарының құны 979 169 506 теңгені құрап отыр. Ағымдағы жылға арналған даму балансының құны 3 663 504 653 теңге.

– Негізгі ғимараттардың дайындық көрсеткіші 95 пайыз. Инженерлік желілердің дайындығы 80пайыз. Орындалу құрылымдары, оның ішінде  рульдік жолақ жұмысы 90 пайыз орындалды. Тұрақ аумағының 100 пайызы орындалды. Ұшу-қону жолағын кеңейту жұмысының 85 пайызы орындалды. Жалпы қайта жаңарту бойынша  ұшу-қону жолағын  2300 метр, ол жұмыстың 30 пайызы орындалып қойылды. Ал, қара қоспалар 43 552, 12 тонна 30%-ті құраса, қалғаны 101 505 тонна болып отыр, – деді филиал басшысы.

Әуежай сигнал жүйесін  салу бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Бішкек, Петропавл және өзге елдер аумағында кең тәжірбиесі бар мамандандырылған «B.E.I. Elector» ЖШС мердігер ұйымы жұмыс жүргізіп жатыр. Аэродромдарға қызмет көрсетудің халықаралық стандартына сәйкес келетін қондырғы жабдықтар Германия, Франция, Бельгия елдерінен сапалары жақсылары әкелінді.

Күндізгі уақытта әуе кемелерін қабылдаудың жоспарланған күні ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде аяқтайды. Әуе кемелерінің келуі мен ұшып кету арасындағы аралықта 25 қыркүйекке дейін жарық сигнал жүйесін орнату бойынша жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр. Осы уақыттан кейін әуежай түнде және қолайсыздық қаупі бар уақытта әуе кемелерін қондыра алатын болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77