Новости

Волонтерлік бастамаларды дамыту бойынша кіші гранттар бағдарламасын жүзеге асырмақ

Жалпы еліміз бойынша 287 еріктілер ұйымы қызмет етеді. Олардың көбісі әлеуметтік салада, оқиғалық алаңда, жануарлармен және этно-еріктілік бағыттарында жұмыс жасайды

Сонымен қатар Төтенше жағдай, медицита мәдениет, медиа және онлайн бағыттары даму барысында жұмыс атқарады. Еліміздегі белгілі ұйымдар олар, «Ұлттық волонтерлік жүйесі» ЗТБ, «Қазақстанның қызыл айы», Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасы, «Клуб 28 петель», «Клуб добряков», Rina.kz и «Лидер» ұйымдары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер 2020-жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осы бағытта Үкіметке аталмыш жылды жоспарға сай жоғары деңгейде өткізу мақсатында қажетті шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Республика көлемінде қолға алынған шара – «Еріктілер қозғалысына» қостанайлықтар қазірден бастап қызу дайындық жүргізіп жатыр.

– Қазіргі таңда қазақстанда еріктілер қозғалысы дамып келеді. Түрлі ұйымдар бар. Біз де солармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Еріктілер ұйымдарының үйлестірушілерін оқытып, біліктіліктерін арттырамыз. Тек оқытып қана қоймай, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, бірге талқылаймыз, – дейді – республикалық «Qazvolunteer.kz» жобасының координаторы Мадина Сигазиева.

Ағымдағы жылы үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 68 жоба іске асырылды. Республиканың  барлық аймақтарында волонтерлік қызметтік қолдаудың 17 орталығы ашылып, 5000 адамды қамтитын волонтерлік қызметті зерттеу басталды. Қызметтес ұйымдармен өзара іс-әрекетті дамыту мақсатымен  «qazvolunteer.kz» онлайн-платформасы жасалып, еріктілер мен ұйымдардың  қызметін реттеуге, волонтерлік жобаларды/бағдарламаларды/акцияларды ақпараттық сүйемелдеуге мүмкіндік ашты.

– Бүгінде Қазақстанда еріктілер қозғалысы жаңа деңгейге көтерілді. Соның аясында көш басшылық дағдыларың дамыту мен жобалық ойлау қабілетіне басымдық берілді. 2017 жылы Экспо халықаралық көрмесінің арқасында ел жастарын еріктілікке жаппай  тартуға даңғыл жол ашылды. Бүгінде билік тарапынан оған үлкен көңіл бөлінуде. Қоғамға да еріктілер қозғалысы қажет, – деді «Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдары қауымдастығының» төрағасы Татьяна Николаевна.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Әлеуметтік студенттік кредит» атты модуль енгізіліп, ЖОО студенттерін қоғамдық жұмыстарға тартуға мүмкіндік ашты, жылдың аяғына дейін 8000 студент тіркеуден өтетін болады. Ел аймақтарында волонтерлік қызметті дамыту үшін  1 млн теңгеден 17 грант бөлінген. Қазақстан Республикасының үздік еріктілері туралы мысалдар арнайы жинақ етіп жасалуда.  Оның ішіне мемлекеттік, жеке, және бизнес сектордың мысалдары енетіндігін айтады ұйымдастырушылар.

Волонтерлік ұйымдар үшін бұл үлкен абырой мен жауапкершілік. Ерікті болу – шынайы патриотизмнің белгісі, себебі еріктілерді ел игілігі үшін қызмет етуге адамгершілік сезімі жетелейді, сондықтан алдарында үлкен мақсаттар тұр.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77