COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102736

Выздоровевших

107775

Зарегистрированных случаев

3483

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Новости

Ғылымға құштар жас ғалым, әрі жас ұстаз

Сырым үшін жастар жылы – мол мүмкіндіктерге жол ашты

Қазақстанның болашағы жастар болғандықтан, артылар үмітте зор болмақ. Елбасы, Н.Ә.Назарбаев осы жылды Жастар жылы деп жариялағаны  жастарға көп қолдау, демеу болды. Осы жыл аясында көптеген жастар биік белестерден көрінді. Әр өңірлерден дарынды дарабоздар дараланып шығып жатты.

Осындай жас өрендердің бірі Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі, бүгінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде гуманитарлы-әлеуметтік факультетінің 2 курс магистранты Жанжігітов Сырым Жанмұратұлы. Сырым Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қостанайда, филология мамандығы бойынша оқуға түсіп, сол саланы жетілдіріп жатырғанына алты жылдың жүзі болды.

Жігітке жеті өнер де аз деген қазақ тәмсілін еске алатын болсақ, Сырым жан-жақты, көкжиегі кең, ой жүйрік. Сол жүйріктігінің арқасында бүгінде мамандығы бойынша көптеген жарыстардан жетістікке кетіп үлгерген.

Соңғы бір жыл ішінде Қазақстанның түпкір-түпкірінде өткізіліп жатқан облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарлар мен ғылыми жобалар байқауына белсене қатысып келеді. Қазіргі сәтте ол 27 ғылыми мақалалардың авторы. Әр мақаласы республика, халықаралық деңгейдегі ғылыми конференция жинақтары мен журналдарда басылған. Әр конференцияларға іштей қатысуға тырысты.

Айталық, Қазақстан Республикасы жастары жылына арналған студенттер мен жас ғалымдардың «Future perspectives of science and education» атты I халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясының қатысушысы. «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы  ғылым парадигмасы жастар көзімен» атты XIII Халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегері. Алматыда ұйымдастырлыған «ХХІ ғасырдағы тіл және мәдениет» атты Халықаралық онлайн ғылыми конференциясы,  Өскеменде өткен «Бірыңғай ғылыми және білім кеңістігінің қалыптасу жағдайларындағы студенттік ғылым» атты VI халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясына қатысқан. Қостанайда ұйымдастырылған «Шетел тілі арқылы дүниені тану: ел, тарих, мәдениет» атты IV Халықаралық ғалыми-практикалық конференциясының жүлдегері. Нұр-сұлтан қаласында өткен «Ломоносов-2019» атты XV Халықаралық ғылыми конференциясының қатысушысы. Алматыда өткен «Фараби әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференциясы және «Жас тұран – 2019» атты Республикалық ғылыми конференциясы, Қостанайда өткен «Self-education – педагогтің кәсіби қызметінің негізі» облыстық конференциясының жүлдегері.

Сонымен қатар, Сырым Жанмұратұлының көптеген мақалалары республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференция жинақтарында, журналдарда ұдайы жарық көріп келеді. Олардың бірқатары «ҚМПИ жаршысы» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналына жарияланған «Сатылай кешенді талдау» мақаласы.
Республикалық журналдың біріне жарияланған «Педагогикалық ғылым және практика», «Ұлт шығармасындағы ұлттық код» сынды мақаласы. «Тренер-education» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналына шыққан «Р.Ниязбек лирикасындағы «Қазақ» концепциясы» мақласасы. «Педагогикалық ғылым және практика» республикалық журналындағы, «А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі қара сөз бен дарынды сөз үйесінің саралануы» атты Ахаң туралы құнды мақаласын айтуға болады.

Бұдан бөлек, облыстық және қалалық деңгейдегі «Қостанай дарыны», «Қостанай дауысы», «Учительская плюсь» сынды газет-журналдарда әлеуметтік тақырыптардағы мақалалары шығып тұрады.

Осы жетістіктерінің арқасында Сырым Жанжігітов Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жастар жылы аясында еліміздің жас ғалымдарын қолдау мақсатында қолға алынған «Үздік жас ғалым» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың республикалық байқауының І дәрежелі жеңімпазы атанды. Одан бөлек дәл осы орталықтың ұйымдастырумен өткізілген «Қазақстанның 100 үздік көшбасшы студенті» атты республикалық байқауының «Ғылым» номинациясы бойынша ІІ ДӘРЕЖЕЛІ жеңімпазы атағын иеленген болатын.

2019 жылдың жаңа оқу жылынан бастап Сырым Жанжігітов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасы қорының стипендиаты болып тағайындалды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, өзінің ғылым жолындағы біліктілігін одан әрі арттырып келеді. 2019 жылы Қостанай қаласы әкімдігінің жоғары кәсібилік пен қызіреттілігі, өскелең ұрпақты оқытуда қосқан үлесі үшін мадақтама грамотасымен марапатталған.

Ғылыми жұмыстардан бөлек Сырым Жанмұратұлы әлеуметтік маңызы бар жобаларға да көңіл аударып келеді. Ол қазір «INTER-action» атты республикалық ақпараттық және білім беру бойынша өзінің авторлық порталын жүзеге асыруда.
– Бұл порталдың негізгі мақсаты – әрбір азаматтың білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу. Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, қолжетімді білімге жағдай жасау, азаматтардың ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту. Жастардың қоғам алдында беделін арттыру. Жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу, – дейді Сырым Жанмұратұлы.
Негізінде бұл портал – Қазақстанның белсенді және жан-жақты азаматтарына таптырмайтын ақпарат құралы болып табылады. Дәл осы жобаның жалғасы ретінде «білім алушы картасы» жобасын ұсынғалы отыр. Бұл «білім алушы картасының» қызметі әр білім алушының еңбегін тиісті бал жүйесімен есептеп шығару. Бұл білім алушы картасында әр оқушының, студенттер мен магистранттардың білім, ғылым, мәдениет, спорт және инновация бағыттары бойынша жетістіктергі талапқа сай бал шкаласымен бағаланады. Оқу жылы соңында нәтижеге сай рейтинг шығады. Егер де сол рейтинг бойынша жүйрік шыққан білім алушыларға мемлекетет тарапынан қолдау табылса, жастардың білімге, ғылымға деген құштарлығы одан әрі артатын болады. Бұндай бағалау – жастардың жан-жақты болуына, еліміздің дамуына өзінің зор үлестін қосатынына сеніміміз мол.
 Ғылымнан бөлек, өнер бағытында да барынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Ол 2017 жылы «Ұшқын» атты жас ақын-жазушылар ұйымын құрған болатын. Бұл ұйымда қазір 60-қа жуық жастар жұмыс атқарады. Одан бөлек, Қостанай қаласына танымал «Ақ қауырсын», «Толқын» шығармашылық студияларының белсенді мүшесі. Авторлық туындылары «Жас керуен», «Зулаған уақыт», «Тарих толқынында» атты жыр жинақтарда басылып келеді.
–  «Қазақстан таланттылары» халықаралық байқауының Гран-при иегері атандым, «UBUNTU» атты халықаралық шығармашылық байқауының 1 орын иегерімін, «Тәуелсіздік дәуірі» республикалық байқауының 2 орын иегері және көптеген өзге де облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты болып саналамын. Қандайда жетістікке жеткен болсам ол ең алғашқы ата-анамның, жақындарымың қолдауынан күш алып, қабілетімді көрсете білгенім, – дейді Сырым.
Сералы МЫРЗАБАЙ

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77